
Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының соты пара алған облыстық экология департаментінің басшысы Д.Әлиев, жергілікті тұрғын М.Журкабаев және кәсіпкер К.Длюжевскийге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Антикор.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Әлиев пара алғаны үшін, Журкабаев делдалдығы, ал Длужевский коммерциялық ұйымға алтын өндіруге экологиялық рұқсат алу үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды.
"Сот үкімімен шенеунік төрт жылға, қала тұрғыны – бір жыл алты айға, кәсіпкер – үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылды, сонымен қатар пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласындағы коммерциялық ұйымдарда бес жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Сонымен қатар олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ", – делінген Антикор хабарламасында.