Тікелей эфир

432 миллион теңге шығын: Шымкентте "ЖК-Отау kz" қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

Бұл іс бойынша 150-ден астам қазақстандық құрбан болды.

Шымкентте "ЖК-Отау kz" қаржылық (инвестициялық) пирамидасының екі басшысы сотталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу мәліметтері бойынша, пирамиданың екі ұйымдастырушысы 2018 жылдан бері инвесторлардан қаражат алып, оны басқа қатысушылар арасында қайта бөліп, 150 жәбірленушіге 432 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген.

Сот оларды алты жыл алты айға бас бостандығынан айырды.

"Қаржы пирамидаларын жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік пен мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Қаржы пирамидасының құрбаны болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша экономикалық тергеу бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз", – деп Қаржы мониторингі агенттігі қазақстандықтарға үндеу жолдады.


Оқи отырыңыз: Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет ететін ұйымдар тізімін жариялады


Қаражатты инвестициялау кезінде компанияның сенімділігін тексеру қажет. Мұны "Baiqa, piramida!" Telegram боты арқылы жасауға болады. Қаржы пирамидаларының тізімі Қаржы мониторингі агенттігінің сайтында жарияланған.

Серіктестер жаңалықтары