
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -11-13°C аяз.
Алматыда да бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ бар. Оңтүстік-шығыс жел секундына 2-7 метр. Түнде ауа температурасы -8-10°C аяз, күндіз шамамен 0°C.
Шымкентте жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт жүреді. Шығыстан жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -2-4°C суық, күндіз +9+11°C жылы.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -18-23°C, облыстың батысында, оңтүстігінде -14°C, облыстың шығысында -28-33°C аяз, күндіз -11-16°C, облыстың оңтүстігінде -6°C. Семейде түнде және таңертең тұман күтіледі. 5 ақпанның сағат 20.00-ден 6 ақпанның сағат 20.00-ге дейін дейін Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында қарлы боран. Жел шығыс, солтүстік-шығыс 9-14, солтүстікте, оңтүстікте, облыстың орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде -9-14°C, күндіз -4-9°C аяз. Ақтөбеде күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс, солтүстік-шығыс секундына 9-14 метр.
Алматы облысының таулы аудандарында кейде тұман, жолдарында көктайғақ болады. Жел шығыс, оңтүстік-шығыс секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде -7-12°C, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -15-20°C аяз. Солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -8°C аяз болады. Қонаевта көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ бар.
Ақмола облысының солүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде және күндіз -11-16°C, облыстың батысында, солтүстігінде -8°C аяз, күндіз одан әрі төмендейді.
Атырау облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -5-10°C, облыстың шығысында -13°C аяз, күндіз -2°C суық. Облыстың шығысында -5°C.
Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -10-15°C, облыстың батысында -7°C аяз, күндіз -3-8°C аяз, облыстың батысында 0 градус.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -10-15°C, облыстың батысында -7°C, күндіз -5-10°C, облыстың шығысында -13°C аяз.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -15-20°C , күндіз -10-15°C аяз.
Қарағанды облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Ауа температурасы түнде -10-15°C, облыстың шығысында -20-25°C аяз, күндіз -8-13°C, облыстың шығысында -16°C аяз.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын. күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -8-13°C , облыстың шығысында -16°C , күндіз -4-9°C аяз.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -8-13°C аяз, күндіз 0-5°C аяз, облыстың оңтүстігінде +5°C жылы.
Маңғыстау облысында жауын-шашын болмайды. Жел шығыс, солтүстік-шығыс секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-5°C, облыстың солтүстік-шығысында -10°C аяз, күндіз +2+7°C жылы, облыстың солтүстік-шығысында -2°C. Ақтауда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс, солтүстік-шығыс секундына 9-14 метр.
Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -10-15°C, облыстың шығысында -18°C, күндіз -7-12°C аяз.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыс жел 9-14, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде -7-12°C, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -15-20°C аяз, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -7°C. Таразда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түседі.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарында қатты аяз 25 градус күтіледі. Талдықорғанда түнде қатты аяз 25 градус күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -21-26°C, облыстың шығысында -18°C, облыстың солтүстігінде -29-34°C аяз, күндіз -12-17°C, облыстың солтүстік-шығысында -7°C аяз.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5°C, солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында -9-14°C аяз, күндіз +8+13°C жылы, облыстың солтүстігінде +2°C жылы.