Тікелей эфир

33 жекеменшік мектеп 2,5 мың оқушыны қағаз жүзінде ғана оқытқан

33 жекеменшік мектепте 2 543 оқушы қағаз жүзінде ғана оқыған.

Жоғары аудиторлық палата 2023 жылдың І тоқсанындағы аудиторлық жұмысының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат хабарлады. 

Елімізде мемлекеттік білім беру тапсырысы жеке мектептерге 2020 жылдан бастап беріле бастады. 2022 жылға қарай олардың саны екі еседей артып, тағы 120 мың оқушы жеке мектептерде оқи алды. 

"Аудит қорытындысы бойынша бірқатар жүйелі проблема мен олқылық анықталды. Білім беру процесінде бизнестің пайда табуға бағытталуы сапаға зиян келтіреді. 2020-2022 жылдары оқу-ағарту министрлігі жеке ұйымдарға 294 лицензия берді. Бұл ретте 107 ұйым талап етілетін білік талаптарына толық сәйкес келмеді", – делінген палата таратқан хабарламада. 

Оған қоса, кейбір жеке мектеп материалдық-техникалық талаптарына сай емес екенін анықталған. Педагог кадрларға қойылатын білік талаптары да сақталмаған. 

"Кітапхана қоры (28%), спорт залдары (17%), медицина кабинеттері (14%) жоқ. Біраз мектепте азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі (29%) және дабыл түймелері (23%) жоқ. Заңды тұлғалардың үштен бірі (350-ден) ескі ғимараттарда (50 жылдан асқан – 40 мектеп, 30 жылдан асқан – 70 мектеп), 44%-і мектепке бейімделген үй-жайларда (бұрынғы сауда үйлері, мейрамханалар, дүкендер және тіпті моншалар) бала оқытып отыр", – делінген аудит қорытындысында.

Жекеменшік мектеп иелері қосымша пайда табу үшін мектепте оқымайтын оқушыларды қағаз жүзінде тіркеп қана қойған. 

Мұндай фактілер 33 жекеменшік мектепте тіркелді. Онда 2543 нақты оқымайтын оқушы болғаны анықталды. Бұл оқушылар үшін мемлекет 135,6 млн теңге төлеген.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары