Тікелей эфир

29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты.

Президент апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді. Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты, деп хабарлайды Ақорда. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болды. Бұл кезде шахтада 252 кенші болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 205 кеншіні сыртқа шығарған. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы "өрт көмір оятын жерде метан жарылған соң басталған болуы мүмкін" деген болжам таратты. Қазір қаза тапқан кеншілердің саны 25-ке жетті. 21 кенші әлі де іздестіріліп жатыр. 

 

Серіктестер жаңалықтары