ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында халықтың орташа жалақысының қалай есептелетінін түсіндірді. Журналист "наурыздағы орташа айлық 274 438 теңге болды" деген ақпаратқа халық өкпелі екенін айтып, сұрақ қойған болатын.
"Бұл – халықаралық стандартпен есептелетін дүние. Біз не министрлік ойлап шығарған жоқ. Бүкіл дүние жүзіндегі статистика органдарының қалыптасқан өзіндік есептеу жолы. Дегенмен, халықтың әл-ауқатын анықтауға байланысты әртүрлі сұрақ қойып жататындар бар. "Орта есеппен емес, медиандық тұрғыдан қарастырсақ" деген ойлар айтылып жатады. Осы тұрғыда есепті біз де қарастырып жатырмыз", – деді Ералы Тоғжанов.
Оқи отырыңыз: Ералы Тоғжанов: Бір ғана мамандық иесі болу – аз
Премьер-министрдің орынбасары әрбір аймақтың есебі үшін сол өңірдің өндіріс орындары міндетті түрде ескерілетінін айтты.
"Қазір ашығын айту қиын. Оның бәрі – халықаралық деңгейде қойылған талаптар. Одан Қазақстан шыға алмайды. Осы бағытта ары қарай да жұмыс жасай беретін боламыз. Бірақ, медиандық тұрғыда. Қазір бағдарламалар осы азаматтардың жағдайын жақсарту үшін қабылданып жатыр", – деді премьер-министрдің орынбасары.