
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 10 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Астанада көшпелі бұлт жүреді, аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын, тұман. Түнде -10-12°C, күндіз -5-7 °C.
Алматыда жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт жүреді. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ бар. Жел шығыс, секундына 2-7 метр. Түнде ауа температурасы -6-8°C аяз, күндіз 0+2°C жылы.
Шымкентте ауыспалы бұлт, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең тұман. Жел шығыс, оңтүстік-шығыс секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз +4+6 °C жылы
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы -12-14 °C, күндіз -3-5 °C.
Алматы облысында көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Түнде ауа райы -8-10 °C, күндіз -1+1 °C.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -8 -10 °C, күндіз -1-3 °C.
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын сақталады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, Мұғалжар ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы -13-15 °C, күндіз -4-6 °C.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 10 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -7-9 °C, күндіз -3-5 °C.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз кей уақытта екпіні 23 м/с. Петропавл қ.: 10 ақпанда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде ауа температурасы -7-9 °C, күндіз -2-4 °C.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -11-13 °C, күндіз -2-4 °C.
Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с. Түнде ауа температурасы -8 -10 °C, күндіз -1-3 °C. Ауа температурасы күндіз -5-7 °C.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қарағанды қ.: 10 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -15-17 °C, күндіз -5-7 °C.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қостанайда тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -13-15 °C, күндіз -5-7 °C.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында, солтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Қызылорда қ.: 10 ақпанда түнде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы -7-9 °C, күндіз 0,-2 °C.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 10 ақпанда жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде ауа температурасы -7-9 °C, күндіз 0,-2 °C.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде ауа температурасы -10-12 °C, күндіз -4-6 °C.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -5-7 °C, күндіз 0,+2 °C.
Жетісу облысының түнде және таңертең шығысында, орталығында, таулы аудандарда кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарда қатты аяз 25-27 градус күтіледі. Талдықорған қ.: 10 ақпанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде қатты аяз 25 градус күтіледі. Түнде ауа температурасы -20-22 °C, күндіз -3-5 °C.
Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. қ. Шымкент: 10 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістанда күннің соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы 0,-2 °C, күндіз +6+8 °C.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. 9 ақпанның сағат 20.00-ден 10 ақпанның сағат 20.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады. Дәл солай Риддер қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады. Облыста түнде ауа райы -15-17 °C, күндіз -5-7 °C.