Тікелей эфир

2027 жылы кітапханашы мен мұрағат ісі мамандарының жалақысы екі есе өседі

Кітапханадағы қосалқы қызметкерлердің де жалақасына өзгеріс енгізіледі.

2023 жылы кітапханашылар мен мұрағат ісі мамандарының жалақысы 20 пайызға артады. Сондай-ақ 2027 жылға қарай олардың еңбекақысы екі есе көбейеді, деп мәлімдеді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова. 

"Бүгінгі таңда 25 жыл өтілі бар кітапханашылардың жалақысы орта есеппен 140 мың теңгені құрайды. Жалақысы көтерілетін қызметкерлер санатына кірмей қалғандықтан, білім мен мәдениет саласындағы кітапханашы, қосалқы қызметшілер жағдайын айтып хабарласты. Енді биыл кітапхана қызметшілері мен мұрағат ісі мамандарының жалақысы 20% артады", – деді Мәжіліс депутаты. 

Мұнымен қатар Жұлдыз Сүлейменова аталған қызметкерлердің жалақасын 2027 жылға қарай екі есе өсіру жоспарланып отырғанын айтты. 


Оқи отырыңыз: Табиғатты қорғау ұйымдарының штаттан тыс қызметкерлеріне үстемақы төленеді


Жұмысшылардың еңбек демалысы, сауықтыруға арналған төлемдеріне өзгеріс енгізіледі.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары