Тікелей эфир

2025 жылы бірқатар әлеуметтік төлем 6,5 пайызға артады

Бұл еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылуға байланысты төлемдерге қатысты.

Қазақстанда 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушыс–ынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері аталған датадан бастап 6,5 пайызға артады. 

Мұндай өзгерісті көздейтін Үкімет қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылау үшін жарияланды. 

"Бұл жоба Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған жағдайда тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 6,5%-ға индексациялау жолымен халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында қолға алынды", – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсіндірме жазбасында. 


Оқи отырыңыз: 8,5 мыңға жуық қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды 


Еске салайық, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем қайтыс болған адамның асырауында болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған)отбасының келесі мүшелеріне тағайындалады:

  • балалар, оның ішінде асырап алынған балалар;
  • 18 жасқа толмаған ағайындылар, әпкелер мен немерелер, егер олардың еңбекке қабілетті ата-аналары болмаса;
  • егер үш жасқа толмаған асыраушысының асырауындағы адамға күтім жасаумен айналысса, ата-анасының немесе жұбайының не атасының, әжесінің, ағасының немесе әпкесінің бірі.

Ал еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш берілген уақытқа дейін жұмыс тоқтатылғанына немесе жалғасқанына қарамастан тағайындалады.

Серіктестер жаңалықтары