Тікелей эфир

2024 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі қанша болады? ХВҚ болжамы

Қазіргі таңда ЖІӨ көлемі 265 миллиард долларға жетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше елдер парламенттері палаталарының спикерлерімен кездесу барысында Қазақстанның экономика саласының негізгі мәліметтерін атап өтті. 

Оның сөзінше, Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің көлемі 265 миллиард долларға жеткен. 

"2023 жылы шетелден 23 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартылды. Еліміздің халықаралық резервтері 100 миллиард долларға жуықтады. Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша биыл Қазақстанның жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімі 13 пайызға өсіп, шамамен 15 миллиард долларды құрауға тиіс. Жақында мен кәсіпкерлік еркіндік пен бәсекелестіктің дамуын қамтамасыз ету, мемлекеттің экономикадағы үлесін қысқарту және бизнес шығындарын азайту арқылы экономиканы ырықтандыруға негіз қалайтын жарлыққа қол қойдым. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқықбұзушылықтарды декриминализациялау арқасында бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісі айтарлықтай күшейді", – деді президент.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Қазақстан тәлібтер режимін террорлық ұйымдар тізімінен алып тастады


 

Серіктестер жаңалықтары