USDUSD: 502.9 / 507.9
  • EUREUR: 524.5 / 530.5
  • RUBRUB: 5.37 / 5.49
Тікелей эфир
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -16°C Астана
  • -3°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -17°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -9°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -16°C Астана
  • -3°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -17°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -9°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент

2024 жылы имамдар 500-ден астам отбасыны ажырасудан сақтап қалған

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы. Фото: ҚМДБ ресми сайты
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы. Фото: ҚМДБ ресми сайты
ҚМДБ 2025 жылды "Ислам және отбасы құндылығы" жылы деп жариялады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл отбасын құндылығын дәріптейтін жұмыстарды күшейтпек. Бұл туралы басқарма төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы орталық аппарат жиналысында айтты, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі

"Биылғы жылды діни қызмет аясында "Ислам және отбасы құндылығы" жылы деп жариялағанымызды білесіздер. Осы орайда дін қызметкерлері отбасы құндылығын ел арасында дәріптеп, жас отбасыларға бала тәрбиесі, жанұя бақыты жөнінде көбірек насихаттау керек. Өткен жылы имамдарымыз 500-ден астам отбасыны ажырасудан сақтап қалуға оң ықпал етті. Биыл да мұндай жұмыстарды тоқтатпауымыз керек", – деді ҚМДБ төрағасы.


Оқи отырыңыз: Бас мүфти: Ерлі-зайыптының мейірімділіктің аясында қарым-қатынас жасауы – отбасы бақытының кілті


Еске салайық, 22 қаңтарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне бағдарлық баяндамасын жолдап, 2025 жылды "Ислам және отбасы құндылығы" жылы деп жариялады.

"Жарасымды отбасындағы өзара мейірімділік, ізгілік, адамгершілік сынды қанға сіңген қасиеттерді жаңғырту үшін 2025 жылды діни қызмет аясында "Ислам және отбасы құндылығы" жылы деп жариялау туралы шешім қабылдадым. Алла қаласа, осы жыл аясында бірнеше іс-шараларды жүзеге асырамыз", – деді бас мүфти.

Серіктестер жаңалықтары