Тікелей эфир

2024 жылы АЕК, жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшері қанша болады?

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақының ең төмен мөлшерi 85 мың теңге болып белгіленді.

Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында мәлімдеген болатын.

"Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырамын. Осылайша, біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін үш жыл ішінде екі есе көбейттік. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді", – деді президент.

Жобо бойынша, 2024 жылдан бастап:

  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 28 215 теңге;     
  • зейнетақының ең төмен мөлшерi – 57 853 теңге;     
  • айлық есептiк көрсеткiш – 3 692 теңге;     
  • ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 43 407 теңге болмақ.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінен 1,9 пайыз болып белгiленді.


Оқи отырыңыз: Экономист ең төменгі жалақыны есептеу тәртібі ескіргенін айтты


Сонымен қатар, келесі жылдан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегілерге тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеуге берілетін ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленіп отыр.

Серіктестер жаңалықтары