Тікелей эфир

2023 жылы Қазақстан азаматтығын алғандардың 76 пайызы – қандастар

Қандастардың тең жартысынан астамы Өзбекстаннан елге келді.

Өткен жылы Қазақстан азаматтығы 26 828 адамға берілсе, олардың 20 523-і – қандастар. Бұл туралы "Отандастар" қорының мәліметінен белгілі болды. 

1542 адам ел азаматтығын президент жарлығымен алса, қалған басым бөлігі жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа ие болды. 

2023 жылы Қазақстан азаматтығын жеті елдің азаматтары алды. Олар: 

  • Өзбекстан – 14 539 (қандастар – 13 244);
  • Ресей – 3505 (қандастар – 1313);
  • Қытай – 2772 (қандастар – 2768);
  • Түрікменстан – 1796 (қандастар – 1778);
  • Қырғызстан – 1258 (қандастар – 274);
  • Моңғолия – 810 (қандастар – 802);
  • Ауғанстан – 133 (қандастар – 112). 

Оқи отырыңыз: "Ата жолы" картасын қалай алуға болады? Шағын нұсқаулық


Еске салайық, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап өзге елде тұратын этникалық қазақтарға "Ата жолы" картасы беріледі. Бұл құжаттың иегерлері Қазақстанға кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады. Бір ерекшелігі – басқа елдің азаматы бола тұра Қазақстан Республикасының азаматтарымен және қандастарымен тең құқыққа ие болады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары