"7-20-25" тұрғын үй бағдарламасына бөлінген қаражат 2023 жылдың ішінде толық игеріледі. Бұл туралы Ұлттық банк Krisha.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.
"Қазіргі қарқынды ескере отырып, мақсатты қаражат 2023 жылға дейін игеріледі деп болжауға болады", – деп жазылған жауапта.
Ұлттық банктің болжамынша, бұл пәтерлерге деген сұранысқа, төлем қабілетіне және жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлеміне байланысты.
Оқи отырыңыз:
- 7-20-25 бағдарламасы аяқталуға жақын. Үкімет ұсынған жаңа ипотека шарттары қандай?
- ИИДМ "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасын ұзартуды ұсынды
Айта кетейік, бағдарламаның аяқталу мерзімі бекітілмеген. Ол 1 трлн теңге қаражат толық игерілгенге дейін жалғасады.
Алайда, қазіргі уақытта мақұлданған несиелер сомасы бөлінген қаражаттан асып кеткен. Қазақстан тұрақтылық қорының хабарлауынша, 20 қазандағы жағдай бойынша, жалпы сомасы 1,3 триллион теңгеге жуық сомаға 93,9 мыңнан астам несие мақұлданған.