Тікелей эфир

2023 жылы АЕК және өзге төлемдер мөлшері қандай болады?

2023 жылы ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 40 567 теңге болып белгiленді.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының ең төмен мөлшерi – 70 мың теңге көлемінде болады. Бұл туралы "2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңда жазылған.

Сонымен қатар өзге де төлемдердің мөлшері өседі. Атап айтқанда:

  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 24 341 теңге;
  • зейнетақының ең төмен мөлшерi – 53 076 теңге;
  • айлық есептiк көрсеткiш – 3 450 теңге;
  • базалық əлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 40 567 теңге болып белгiленді.

"Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне жəне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 10,5 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін", – деп жазылған заң мәтінінде.

Сондай-ақ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап əлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеуге жататын міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінен 1,8 пайыз болып белгiленді.


Оқи отырыңыз:


 

Ал мерзiмдi қызметтегі əскери қызметшілерден басқа әскери қызметшілерге жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға жəне коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленді.

Серіктестер жаңалықтары