Тікелей эфир

2022 жылы 500-ден астам мектеп автобусы жаңартылды

Оқу-ағарту министрлігінің зерттеуінше, қолданыстағы автобустардың ішінде 1980 жылы шыққан көліктер деболған.

Биыл біз бірінші рет балаларды тасымалдайтын 500-ден астам автобус сатып алдық. Бұл – сары түсті, барлық қауіпсіздік шаралары қамтылған автобустар, деді оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов үкімет кулуарында.

"Ауылдық жерлерде балаларды күнделікті немесе аптасына бір рет тасымалдайды. Біз автобустарды тексергенде арасында 1980 жылғы автобустар да болды. Оларда ешқандай белдігі жоқ, тиісті жағдай жасалмаған. Сондықтан біз бұл мәселені шұғыл көтеріп, жайлы, жақсы, заманауи автобустар сатып алдық. Олар бір жылдың ішінде беріліп жатыр. Әрі қарай да бұл істі жалғастырамыз", – деді министр.


Оқи отырыңыз: 


Асхат Аймағамбетов жалпы республика бойынща мектебі жоқ елді мекендерден балаларды тасымалдау үшін 1 мыңнан астам автобус жұмыс істейтінін айтты. 

"Келесі жылы тағы да олардың техникалық жағдайын тексереміз. Егер қажеттілік болса, тағы да қарастырамыз", – деді министр.

Серіктестер жаңалықтары