Тікелей эфир

1 қаңтардан бастап Қазақстанда шетелдік сайттар салық төлейді

Алдын ала болжам бойынша осы ҚҚС салығы есебінен бюджетке жылына 2 млрд теңге түседі.

Жаңа жылдан бастап салық кодексінің Қазақстан аумағында орналасқан жеке тұлғаларға сатылған тауарлары, көрсетілген қызметтері үшін шетелдік интернет-компаниялардың ҚҚС төлеу жөніндегі міндеттемелері туралы нормалары күшіне енеді, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігі. 

ҚҚС мөлшерлемесі сатылған тауарлар мен қызметтер сомасының 12%-ын құрайды. Мұның қазақстандық салық төлеушілерге қатысы жоқ.

"Төлем тәртібі өте қарапайым. Компаниялар салық салу мақсатында тіркелмейді.  Оңайлатылған тәртіпте салық органдарына хат жолдап, ҚҚС төлеуге дайын екендігі туралы хабарлайды", – деді ҰЭМ вице-министрі Азамат Амрин.

Әкімшілендіру шетелдік интернет-компаниялар аударған сомалар туралы екінші деңгейлі банктердің деректері негізінде жүзеге асырылады. Әкімшілік мақсаттар үшін төлем жүйелерін пайдалана отырып, төлемді және/немесе ақша аударымын алушы ретінде шетелдік компанияны сәйкестендіретін белгілердің бірегей жиынтығы болып табылатын Merchant ID немесе MID ұғымын белгілеу ұсынылады.

"Merchant ID – шетелдік интернет-компаниялар беретін реквизиттердің бірі. Ол бойынша банктер тиісті төлемдер мен ақша аударымдарын сәйкестендіреді. Бұл – халықаралық практика.  Мәселені қарастыру кезінде халықаралық, Еуропа елдерінің де, таяу көршілеріміз Ресей мен Беларусьтің де тәжірибесі зерттелді", – делінген министрлік хабарламасында. 

ҰЭМ-нің болжамынша, осы ҚҚС салығы есебінен бюджетке жылына 2 млрд теңге түседі.

Еске салсақ, 2021 жылғы 25 қарашада сенат салық кодексіне интернет арқылы сатылатын тауарларға цифрлық салық енгізуді қарастыратын түзетулерді қабылдаған болатын.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары