Биыл мемлекеттік сыйлық әдебиет пен өнер саласының жеті өкіліне берілді.
Ақорда сайтында президенттің Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі қаулысы жарияланды.
Қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығын келесі азаматтар иеленді:
- Ақын Ғалым Жайлыбай – "Ай таңбалы арғымақ" өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін;
- Режиссер Нұрқанат Жақыпбай – "Жібек" мюзиклі үшін;
- Әнші Кенжеғали Мыржықбай – "Жүрегім нені сезесің?" концерті үшін;
- Жазушы Тұрыспек Сәукетаев – "Желқайық" романы үшін;
- Жазушы Кәдірбек Сегізбай – "Тағдыр толқыны" романы үшін;
- Мүсінші Сембіғали Смағұлов – "Үш арыс" мүсіндік композициясы үшін;
- Композитор Секен Тұрысбек – "Тәтті мұң" ән-күй партитуралары, клавирлер, өлеңдер жинағы үшін берілсін.