Халық үшін электр энергиясының қолжетімділігі бойынша Еуропа елдерінің рейтингісінде Қазақстан ең төмен тарифтері бар ел ретінде көш бастап тұр. Сонымен қатар, ҚР орташа айлыққа қолжетімді электр энергиясының мөлшері бойынша ең үздік он елдің қатарында, деп хабарлайды Finprom.kz сайты.
"РИА Рейтинг" сарапшылары ағымдағы жылы ұсынған халық үшін электр энергиясының қолжетімділігі бойынша Еуропа елдерінің рейтингісінде Қазақстан өңірде электр энергиясының ең төмен құны бар ел ретінде көш бастап тұр (зерттеуші-елдің валютасында – небәрі 2,3 руб кВт·сағ). Бағасы төмен ТОП-3 елдердің қатарына, сондай-ақ, Ресей (3,6 руб кВт·сағ) және Украина (4,5 руб кВт·сағ) енді.
Бұдан да маңыздысы, Қазақстан, Ресей секілді, халық үшін электр энергиясының бағасы бойынша қолжетімділігі жағынан ең үздік он елдің қатарына енді. Сөйтіп, ҚР-да орташа айлық жалақыға 13,99 мың кВт·сағ сатып алуға болады – бұл рейтингтегі 8-ші орын. Ресей аталмыш ТОП-10 елдер рейтингісін аяқтап тұр, мұндағы көрсеткіш ОАЖ-ға 13,44 мың кВт·сағ, ал Украина, электр энергиясының арзандығына қарамастан, жалақының төмен болуына байланысты небәрі 28-ші орынды иеленді (6,61 мың кВт·сағ). Рейтиінгіде көш бастап тұрған елдер – Исландия мен Норвегия, ең соңғысы – Молдова.
Айта кету керек, Исландия мен Норвегия бір адамға шаққандағы электр энергиясын тұтыну бойынша елдер рейтингісінде де көш бастап тұр: 2019 жылы – жан басына шаққандағы 52,5 мың және 23,8 мың кВт·сағ, сәйкесінше, халықаралық энергетикалық агенттік деректері бойынша (International Energy Agency, IEA).
Қазақстан, жан басына шаққандағы 5,2 мың кВт·сағ көрсеткішімен 143 елдің ішінен 41-ші орынға жайғасты. ОА және ЕАЭО елдерінің арасындағы бұл рейтингте ҚР тек Ресейге ғана орын беріп (жан басын шақққандағы 7 мың кВт·сағ), басқа мемлекеттерден ілгері тұр. Сөйтіп, Беларусь небәрі 60-шы орынды иеленді, Украина – 67-ші, Әзербайжан – 80-ші, Молдова – 81-ші, Армения – 82-ші, Қырғызстан – 84-ші, Өзбекстан – 87-ші, Тәжікстан – 90-шы орын.
"Энергия сыйымды" Қытай да Қазақстаннан кейін тұр, рейтингте 43-ші орын. Болжанғандай, Африка мемлекеттері аутсайдер атанды – Оңтүстік Судан, Нигерия және Нигер.
Одан басқа, сол IEA деректері бойынша, халыққа электр энергиясының қолжетімділік деңгейі бойынша елдер рейтингісінде Қазақстан тұрғындардың электр желілеріне 100%-дық қолжетімділігімен көшбасшы-елдер шоғырына кіреді. Сонымен бірге, 2018 жылы мониторингке енген 204 мемлекеттің арасында толық қамтудың абсолюттік деңгейін жартысынан көбісі ғана көрсетті. ОА және ЕАЭО елдері арасында, толық емес қамту, мысалы, Тәжікстанда байқалады (99,3%). Ең нашар көрсеткіштер – Буркина-Фасо, Чад және Бурунди елдерінде: мұнда электр энергиясына қолжетімділік халықтың небәрі 15%-да ғана бар.
Ағымдағы жылдың үш тоқсаны ішінде ҚР-дағы электр энергиясын өндіру 83,6 млрд кВт·сағ жетті – бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 7,7% көбірек. Тұтыну 7%-ға, 82,9 млрд кВт·сағ дейін өсті. Салыстыру үшін: өткен жылдың ұқсас кезеңінде электр энергиясының өндірісі 77,6 млрд кВт·сағ, тұтыну – 77,4 млрд кВт·сағ құрады. 2020 жылдың барлық кезеңі үшін өндіріс 107,9 млрд кВт·сағ, тұтыну – 107,1 млрд кВт·сағ құрады.
Халық үшін электр энергиясының бағаларына қатысты айтар болсақ, сол тоғыз айдың қорытындысы бойынша, көрсеткіш, 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айымен салыстырғанда, ҚР бойынша орта есеппен 6,2%-ға өсті. Анықтама үшін: бұған дейін, 2020 жылдың ұқсас кезеңінде, сектордағы жылдық бағалардың өсімі 3,2% құрады, ал 2019 жылы бірден 6,8%-ға төмендеу байқалды.
Тұтынушылар үшін электр энергиясына ақырғы баға құрылымында 55% энергия өндіретін ұйымдарға тиесілі, бұл ұйымдарға дәстүрлі электр станциялары немесе ЖЭК объектілері де жатады. Олардың қызметін, оның ішінде, электр станцияларына тарифтерді бекіту арқылы, ҚР ЭМ бақылайды.
Тағы 45%-ды KEGOC АҚ (6%), өңірлік электр желілік компаниялар (34%) және энергиямен жабдықтайтын ұйымдар (5%) қамтиды. Бұл сегменттегі компаниялардың қызметін ҚР ҰЭМ ТМРК реттейді – табиғи монополиялар субъектілері (ТМС) үшін тарифтерді бекітеді, сондай-ақ, энергиямен жабдықтайтын ұйымдар үшін бағаны реттеу қызметін жүзеге асырады.
Естеріңізге сала кетейік: 2025 жылға дейін электр энергиясын өндіруге шектік тарифтер ағымдағы жылы ҚР Энергетика министрлігінің шешімі бойынша екі рет өзгеріп үлгерді: 1 сәуірден бастап (орта есеппен 15%) және 1 шілдеден бастап (орта есеппен 7,2%). Екінші рет өзгерістер ЖЭК үстемесіне байланысты орын алды.