
Алматыда сот "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке үкім шығарды. Сот үкіміне сәйкес, ол кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салайық, Қаңтар оқиғасы кезінде "Дикий Арман" лақап атымен танымал азаматтың сыбайластары қылмыскерлерге Glock және "Макаров" маркалы тапаншалар таратқан.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бесінші департаментінің бұрынғы бастығы, "Қаңтар оқиғасына байланысты қылмыстық топ құрып басқарды", "билігін асыра пайдаланды", "адамды бостандығынан заңсыз айырды" деп айыпталып жатқан Руслан Ысқақовты прокурорлар 15,5 жылға соттауды сұраған. Сондай-ақ, олар Арман Жұмагелдиевті 20 жылға соттауды өтінген болатын.
Оқи отырыңыз: Алматы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген 8 жылға сотталды