
Тауардың жалпы құны 50 миллион теңгеден асады.
ҰҚК Шекара қызметі 15 қаңтарда экономикалық тергеп-тексеру, полиция және мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп темекінің ірі партиясын елге заңсыз әкелудің жолын кесті, деп хабарлайды ҰҚК.
Ілеспе құжаттарсыз 170 мың қорап көлемінде темекі өнімдерін электртехникалық бұйымдары есебінен мемлекеттік шекарадан алып өтпек болған.
"Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауардың құны 50 миллион теңгеден асады. Ұсталған жүк әрі қарай қаралуы үшін тиісті органға берілді", – делінген ҰҚК хабарламасында.