Қала күні жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде тойланады.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі биыл қала күніне орай ұйымдастырылатын шаралар тізімін жариялады. 16-18 қыркүйек аралығында қала тұрғындары мен қонақтары жәрмеңке, концерт, шоу, фестиваль және тағы басқа дәстүрлі іс-шараларды тамашалай алады.
16 қыркүйек
- "Алатау" дәстүрлі өнер театрында сағат 15.00-де республикалық ақындар айтысы болады.
- "Медеу" БСК-де сағат 16.00-де Medeu Party халықаралық стрит-арт фестивалі өтеді.
17 қыркүйек
- "Астана" алаңында сағат 17.00-де "Gakku дауысы" заманауи қазақстандық музыка фестивалі болады.
- Қаланың барлық ауданында мерекелік концерттер өтеді.
- Абай атындағы ҚҰОБТ алдындағы алаңында 17-18 қыркүйек күні сағат 11.00-ден бастап 1940-шы жылдардан бастап қазіргі күнге дейінгі қаланың мәдени-тарихи дәуіріне арналған "Сүйемін сені, Алматы" фестивалі ұйымдастырылады.
18 қыркүйек
- Тұңғыш президент саябағында сағат 11.00-де "Алма fest" негізгі мерекелік іс-шарасы өтеді. Бұл жерде алма жәрмеңкесі, концерттер және тағы басқа болады.
- Almaty Arena мұз айдыны кешенінде сағат 18.00-де Salem Almaty концерті өтеді.
- "Астана" алаңында сағат 19.00-де Zhuldyzdy Live концерті өтеді.