Тікелей эфир

135,4 млрд теңге: Көпбалалы отбасыға ай сайын қанша жәрдемақы төленеді?

Мемлекеттік жәрдемақыға төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар үміткер бола алады.

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 135,4 млрд теңгеге жәрдемақы алды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік жәрдемақыға төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар үміткер бола алады.

"Биыл мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 540,7 мың отбасы қамтылды. Оның ішінде сәуір айында 548 мың отбасына 34,3 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді" – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Шілдеден бастап 90 мың анаға берілетін жәрдемақы 25 мың теңгеге дейін өседі


Жәрдемақының төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі. Атап айтқанда:

  • 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде төленеді.

Айта кетейік, биыл 1 қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артты.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары