Тікелей эфир

"11 жастағы балалар да бар". Қазақстанда қаржы пирамидасына алданғандардың саны үш есе көбейді

Ең көп қылмыстық құқық бұзушылық Алматы қаласында тіркелген.

Биыл қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша елімізде "қаржы пирамидасын құру және басқару" бабы бойынша 45 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.

Қаржы пирамидасын құрғаны үшін ұсталған 30 адамның көбі – жұмыссыз азаматтар. Атап айтқанда, 20 күдіктінің нақты жұмысы болмаған. Олардың үшеуі ғана жеке кәсіпкер ретінде тіркелген.

"Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында 382 адам қаржы пирамидаларының құрбаны болған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 3,3 есеге көп. Оның ішінде 11 жасқа дейінгі 6 бала, 16-17 жас аралығындағы 3 бала, 18-20 жас аралығындағы 9 адам, 21-29 жас аралығындағы 72 адам, 30-39 жас аралығындағы 120 адам, 40-49 жас аралығындағы 100 адам, 50-59 жас аралығындағы 54 адам, 60 жас және одан жоғары жастағы 18 адам алаяқтардың арбауына ұшыраған", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Шымкентте қаржы пирамидасына алданған тұрғындар шу шығарды


Өңірлер бойынша ең көп қылмыстық құқық бұзушылық Алматы қаласында тіркелген.

"Осы жылы Алматыда – 7, Шығыс Қазақстан облысында – 5, Астанада 4 оқиға тіркелген. Алданғандар саны Абай, Қарағанды ​​облыстары мен Шымкент қаласында көп", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары