Биыл 1 қыркүйек жексенбі күнге түсіп тұр.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім күнінің демалысқа сәйкес келуіне қатысты түсініктеме берді.
"1 қыркүйек дәстүрге сәйкес білім күні. Сондықтан биыл да жылдағыдай алғашқы қоңырау салтанатты шарасы өтеді", – деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, биыл жаңа оқу жылында 1,7 миллион оқушыға тегін тамақ беріледі.