Тікелей эфир

1 қаңтардан бастап АЕК 3 692 теңге болады. Ол қандай салықтарды есептегенде қолданылмақ?

Бұл салықтарға, тіркеу және рұқсат алымдарына, барлық алымдар мен мемлекеттік баждарға қатысты.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 692 теңге мөлшерінде белгіленді. Есептелген көрсеткіш салықтарды, тіркеу және рұқсат беру алымдарын, барлық алымдар мен мемлекеттік баждарды есептеу кезінде қолданылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

АЕК мөлшері "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы Заңымен белгіленген.

Салық кодексіне сәйкес айлық есептік көрсеткіш бірқатар салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу кезінде қолданылады.


Оқи отырыңыз: Саясат Нұрбек айына 2 АЕК cалып, ЖОО-да оқуға қалай 9 млн теңге жинауға болатынын түсіндірді


Бұл салықтарға, тіркеу және рұқсат алымдарына, барлық алымдар мен мемлекеттік баждарға қатысты. Осы төлемдер мен салықтарды есептеу кезінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін АЕК сомасы қолданылады – 3 692 теңге.

"3 692 теңге мөлшерінде АЕК 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмаған кірістерді, салық шегерімдерін және кірістерді есептеу үшін қолданылады", – деп жазылған хабарламада.

2024 жылдан бастап арнаулы салық режимдерін қолдану шарттарына сәйкес мұндай режимдерді қолдану үшін шекті кірісті анықтау кезінде 3 692 теңге мөлшеріндегі АЕК-і де пайдаланылады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары