1-2 қарашада Астанада ұлттық мереке – Республика күніне орай І халықаралық Құран жарысы өтеді, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Мұндай ауқымдағы шара Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.
Байқау ҚМДБ жанындағы республикалық бас мешітте өтеді. Халықаралық Құран жарысына Индонезия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабия Корольдігі, АҚШ, Мысыр Араб Республикасы, Түркия, Ресей, Кувейт, Гвинея сынды 30 елден қарилар қатысып, олар Құранды толық жатқа оқудан бақ сынайды.
Байқауға Түркия, Мысыр Араб Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстаннан келетін әлемге танымал, тәжірибелі қарилар қазылық етеді.
Екі күнге созылатын Құран жарысы мүфтияттың Munara TV телеарнасынан, "Мүфтият ҚМДБ" YouTube арнасынан, Діни басқарманың ресми әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан тікелей эфир арқылы көрсетіледі.
Оқи отырыңыз: Екі ғасырлық тарихы бар Кенесары ханның Құран кітабы Ясауи кесенесіне қойылады