Тікелей эфир

"Неге?" ток-шоуы: Медициналық сақтандыру емдеу жүйесін жақсартты ма?

Бүгін сағат 22.00-де 31-арна эфирінде осы тақырып талқыға түседі.

Медициналық сақтандыру – ел тұрғындарының денсаулығын қорғау жүйесі. Бұл жүйе қаражаты есебінен ел азаматтары тегін әрі сапалы ем алуы керек. Алайда соңғы кездері медициналық қызметтің сапасына көңілі толмайтындар тым көбейген. Тағы бір өзекті мәселе – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысы көпшілік үшін түсінікті емес.

Осы тақырып аясындағы сұрақтарға келесі мамандар жауап береді:

  • Тілеухан Әбілдаев, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы филиалының директоры;
  • Эльмира Әуезова, ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы бойынша департаменті басшысының орынбасары;
  • Қайырғали Көнеев, кардиоанестезиолог-реаниматолог;
  • Гүлмира Қарасай, заңгер.

Ток-шоудың көрсетілім уақыты: 19 маусым, сағат 22.00.

Қайдан көруге болады: 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары