Тікелей эфир

Мәйітті жерлеудің жаңа стандарты әзірленіп жатыр

Сурет shutterstock.com сайтынан алынды
Сурет shutterstock.com сайтынан алынды
Нұр-Сұлтан қаласының мәслихат депутаты Аман Аюповтың айтуынша, қала төңірегіндегі зираттардың жағдайы туралы тұрғындардан бірнеше арыз-шағым түскен.

– Өткен жылы қаладан Көкшетауға шығатын жолдағы мұсылмандар зиратының 60 пайызы, христиандар зиратының 40 пайызы су астында қалды. Өткен айларда қала ішіндегі 4-5 қабірдің бұзылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Бұл мәселені қала әкімдігі қалай реттеп отыр? – деп сұрады мәслихат депутаты.

Нұр-Сұлтан қаласының Отын энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Барсадықов бұл мәселеге байланысты жауап беріп, қабірдің бұзылу деректері бойынша арнайы тексеру жүргізілетінін айтты.

– Зираттарда күзетшілер қойылған. Ал видеокамераларды орнату мәселесін алдағы уақытта талқылаймыз, – деді әкімдік өкілі.

Мәслихат депутаты Сәрсенбек Жүнісов болса, су астында қалған зиратты қоршаумен айналысқан мекеменің салғырт жұмысын сынға алды.

Оқи отырыңыз: Жерлеу рәсімінің жоралғылары қандай? Қазада шашылу қазақы салт па, діни дәстүр ме?

Әкімдік өкілінің айтуынша, мәйітті жерлеу стандарттары қайта қаралып жатыр. Әділет министрлігімен келісім бойынша, жобада келесі талаптар айқындалған:
  • Екі қазылған қабір аралығы 0,5-1 метр аралығында болуы тиіс;
  • Қабір тереңдігі жер асты суынан жарты метр биік, жер бетінен 2 метрге дейін терең болуы керек (бұл жерде тереңдік жер асты суының жағдайына қарай белгіленеді);
  • Қабір қақпағы жер бетінен 1,5 метр тереңдікте болуы қажет.
Серіктестер жаңалықтары