Жазғы маусым қарсаңында халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Тальго" вагондарынан құралған төрт коммерциялық пойыз тасымалын іске қосады.
1 маусымнан бастап:
- "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Атырау" бағытындағы №19/20 пойыз күн сайын Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан тақ сандар бойынша, Атырау станциясынан жұп сандар бойынша жөнелтіледі;
- "Алматы-2 – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" бағытындағы № 701/702 пойызы күн сайын қатынайды.
2 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Орал" бағытындағы №95/96 пойызы Нұр-Сұлтан Нұрлы жолдан жұп сандар бойынша, ал Орал станциясынан тақ сандар бойынша жөнелтіледі.
3 маусымнан бастап "Алматы-2 – Түркістан" бағытындағы № 71/72 пойыз Алматы-2 станциясынан тақ сандар бойынша, ал Түркістан станциясынан жұп сандар бойынша қатынайды.
Оқи отырыңыз: Теміржол билетін қалай жеңілдікпен алуға болады?
"Ұлттық тасымалдаушы өз жолаушыларын жол жүру құжаттарын онлайн, соның ішінде BILET.RAILWAYS.KZ ресми сайты арқылы рәсімдеуге шақырады және жолаушылардан коронавирустық инфекцияның таралуы кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды, сонымен қатар, жол жүру барысында өзімен бірге жеке бас қорғаныш құралдарының (маска, қолғап, антисептик) ұстап жүрулерін сұрайды", – делінген "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.