Бұл айда мемлекеттік үш мереке бар.
2021 жылы мамыр айында қазақстандықтар 13 күн демалады.
Мамырда мемлекеттік үш мереке бар:
- 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні;
- 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;
- 9 мамыр – Жеңіс күні.
Бұл айда екі мереке демалысқа түсіп отыр: 1 мамыр сенбіге, 9 мамыр жексенбіге тура келеді. Осыған байланысты екі мерекеден кейінгі дүйсенбіде демалыс беріледі.
Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай 1, 2 және 3 мамыр демалыс, Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай 7, 8, 9 және 10 мамыр демалыс.
8 мамырда сенбі күндері жұмыс істейтіндер үші жұмыс күні болып есептеледі.