USDUSD: 502.9 / 507.9
  • EUREUR: 524.5 / 530.5
  • RUBRUB: 5.37 / 5.49
Тікелей эфир
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -15°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -18°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -10°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -15°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -18°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -10°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент

Коронавирус Қазақстанда: 8 мамыр хронологиясы. 1 адам көз жұмды, 113 адам жазылды, 256 науқас тіркелді

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Іnformburo.kz елу жетінші күннің оқиғаларын рет-ретімен әңгімелейді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 56 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.

22.25. Коронавирус жұқтырғандар саны – 4 834

  • Алматы – 1 517;
  • Нұр-Сұлтан – 962;
  • Атырау облысы – 272;
  • Қызылорда облысы – 226;
  • Шымкент – 226;
  • Батыс Қазақстан облысы – 218;
  • Қарағанды облысы – 186;
  • Алматы облысы – 182;
  • Жамбыл облысы – 177;
  • Ақтөбе облысы – 172;
  • Түркістан облысы – 169;
  • Павлодар облысы – 154;
  • Маңғыстау облысы – 109;
  • Ақмола облысы – 106;
  • Қостанай облысы – 61;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 43:
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 34.

Жазылғандардың жалпы саны – 1 631.

Көз жұмғандар – 31.

22.36 – Жамбыл облысында COVID-19 вирусын жұқтырған 1 адам тіркелді.
(08.05.2020 ж. сағат 22:25-тегі мәлімет бойынша)

Коронавирус Тараз қаласының 1950 жылғы тұрғынынан анықталды. 7 мамырда ол дене қызуының жоғары болуына байланысты шағымданған. Сөйтіп уақытша ауруханаға жатқызылды. Одан алынған талдау коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Онымен бірге 1994 жылғы туысы карантинге алынды. Байланыс жасаған адамдарды анықтау жұмыстары жүргізілуде.

8 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 177 адам тіркелген. Олардың 73-і жазылып шығып, дәрігерлердің бақылауында үй карантинінде отыр.

22.25 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 40 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Алматы қаласында – 20, Жамбыл облысында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 10, Батыс Қазақстан облысында – 1, Атырау облысында – 3, Алматы облысында – 1, Павлодар облысында – 2.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 4 834 адам анықталды.

Оқи отырыңыз: 42 500 теңге. Екінші айда әлеуметтік төлемді 16 сәуірге дейін өтініш бергендер алады

22.15 – Қазақстанда тағы 16 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

Павлодар облысында – 4;
Жамбыл облысында – 12.

Елімізде барлығы 1631 адам Covid-19-дан емделіп, сауығып шықты.



20.06 – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам анықталды.
(08.05.2020 ж. сағат 18:15-тегі мәлімет бойынша)

Семейде коронавирус инфекциясы тағы бір азаматта тіркелді. 1996 жылғы науқас Covid-19 вирусын 1963 жылғы ер адамнан жұқтырған. Жас жігіт бұған дейін вирусты жұқтырған адаммен жақын байланыста болған адамдар тобына кіріп, оқшауланған болатын. Алгоритмге сәйкес өткізілген ПТР тестілеу оның вирусты жұқтырғанын көрсетті. Жағдайы орташа дәрежедегі ауырлықта, жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.

Науқаспен байланыста болған азаматтар анықталып жатыр. Белгілі болғандары деңгейіне қарай оқшауланып, биологиялық сынамалары зертханалық талдауға жіберіледі. Шығыс Қазақстан облысында қазіргі уақытта коронавирус инфекциясымен 33 адам тіркелген, оның үшеуі сырттан әкелінген.

Оқи отырыңыз: "Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады". Президент сұхбатындағы 11 өзекті мәселе

19.45 – Қазақстанда Covid-19 вирусын жұқтырған 2 науқас реанимациядан тұрақты палатаға ауыстырылды.

Нұр-Сұлтан қаласында ‒ 1 адам,
Жамбыл облысында ‒ 1 адам.

Қазақстан Республикасында барлығы 75 емделуші реанимациядан бейінді бөлімге ауыстырылды.

19.20 – Қазақстанда тағы 33 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Нұр-Сұлтан қаласында – 5,
Алматы қаласында – 15,
Қызылорда облысында – 1,
Түркістан облысында – 6,
Павлодар облысында – 4,
Қостанай облысында – 1,
Шығыс Қазақстан облысында – 1.

Елімізде барлығы 1615 адам Covid-19-дан емделіп, сауығып шықты.

19.17 – Жамбыл облысында COVID-19 вирусын жұқтырған төрт адам тіркелді.
(08.05.2020 ж. сағат 18:15-тегі мәлімет бойынша)

Коронавирусты Байзақ ауданының 2002, 2000, 2019 и 2012 жылдары туылған тұрғындары жұқтырған. Олардың барлығы карантиндік стационарда болған, өйткені олар бұрын анықталған науқаспен байланыста болған. Олардан алынған Covid-19 талдауы вирусты жұқтырғандарын көрсетті. Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

Жалпы, осы жылдың 8 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын 176 адам жұқтырған. Олардың 61-і жазылып шыққан және дәрігерлердің бақылауында үй карантинінде.

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай кезінде тұрмыстық зорлық 4 есе көбейген. Агрессорларды ашудан арылтудың жолы бар ма?

18.41 – Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам анықталды.
(08.05.2020 ж. сағат 18:15-тегі мәлімет бойынша)

Вирусты жұқтырған адамдар Қапшағай каласында және Талғар ауданында тіркелді.
Барлығы белсенді түрде анықталды. 4 науқастың біреуі өзіне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған, үшеуі скрининг аясында анықталды.
Ауырған адамдар бұған дейін оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталып оқшауланады және КВИ-ға зертханалық зерттеуден өтеді. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.

08.05.2020 ж. жағдай бойынша Алматы облысында инфекцияны жұқтырған 181 адам анықталды.

18.15 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 41 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 10, Алматы қаласында – 15, Жамбыл облысында – 4, Алматы облысында – 4, Қызылорда облысында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Атырау облысында – 6.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 4 794 адам анықталды.



Оқи отырыңыз: Пандемиядан шығудың үш сценариі. АҚШ пен Батыс Еуропа қай жолды таңдады?

14.25 – Қазақстанда тағы 64 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Нұр-Сұлтан қаласында – 9,
Алматы қаласында – 16,
Шымкент қаласында – 7,
Қызылорда облысында – 1,
Павлодар облысында – 1,
Батыс Қазақстан облысында – 7,
Қарағанды облысында – 8,
Алматы облысында – 3,
Қостанай облысында – 4,
Атырау облысында – 2,
Жамбыл облысында – 6.

Елімізде барлығы 1582 адам Covid-19-дан емделіп, сауығып шықты.

13.50 – Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1 адам анықталды
(08.05.2020 ж. сағат 12:25-тегі мәлімет бойынша)

Вирус жұқтырған адам Талғар ауданында тіркелген. Ол өзіне дейін вирусты жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған. ПТР-талдау нәтижелері бойынша науқасқа Covid-19 диагнозы қойылды.

Осыған дейін оқшауланған азамат қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Онымен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып оқшауланады және КВИ-ға зертханалық зерттеуден өтеді. Эпидемиологиялық тексеру қолға алынған.

08.05.2020 ж. жағдай бойынша Алматы облысында инфекцияны жұқтырған 177 адам анықталған.

Оқи отырыңыз: Пандемия және Қазақстандағы эпидемия дедлайны. Сингапур ғалымдарының болжамы қандай?

13.29 – Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам туралы ақпарат
(08.05.2020 жылғы сағат 12:25-тегі мәлімет бойынша)

Вирус жұқтырған 1955 жылы туылған әйел ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған және 1960 жылы туылған ер азамат өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. Олар карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен Covid-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынып жатыр. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

08.05.2020 жылғы жағдай бойынша қалада Covid-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 226 адам анықталды.

12.31 – Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 адам тіркелді
(08.05.2020 ж. сағат 12:25-тегі мәлімет бойынша)

Вирусты жұқтырған азаматтардың барлығы Теміртау қаласының тұрғындары — 1957, 1990, 2008, 2016 жылғы ер адамдар. Олар карантин стационарында болған. 1960 жылғы әйел адам мен 2013 жылғы қыз бала Теміртау қаласының карантин орталығында болған. ПЦР-талдау нәтижесі бойынша пациенттерден коронавирус анықталды.

2020 жылдың 8 мамырындағы ахуал бойынша облыста 186 вирусты жұқтырған адам анықталды, оның ішінде 3 адам көз жұмды және 83 пациент жазылып шықты.

12.25 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 63 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қ. – 45, Алматы қ. – 1, Шымкент қ. – 2, Қарағанды облысында – 6, Алматы облысында – 1, Жамбыл облысында – 1, Атырау облысында – 7.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 4 753 адам анықталды.

Оқи отырыңыз: "Көмек, қолдау сұрауға арланбаңыз". Дәрігерлерге арналған 84 практикалық кеңес

12.07 – Air Astana әуе компаниясы Қазақстанның облыс орталықтарына қатынайтын тұрақты рейстердің қайта ашылатынын хабарлады. 12 мамырдан бастап Алматыдан Ақтөбеге, Қызылордаға, ал 13 мамырдан бастап Нұр-Сұлтаннан Ақтөбеге, Қызылордаға ұшақтар ұша бастайды. 13 мамырдан бастап Алматы - Өскемен, ал 14 мамырдан бастап Нұр-Cұлтан - Өскемен бағытындағы рейстер ашылады.

10.48 – Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам тіркелді
(08.05.2020 ж. сағат 09:40-тағы мәлімет бойынша)

Барлығы Теміртау қаласының тұрғындары. 1978 жылғы ер адам, 1999 және 1978 жылы туған әйел адамдар, орталық аурухананың пульмонология орталығына жатқызылған.
ПТР-талдау нәтижесі бойынша пациенттерде Covid-19 вирусты анықталды. Сонымен бірге, Теміртау қаласында Covid-19 скрининг өткізілуіне байланысты вирусологиялық зертхана 24/7 режимінде жұмыс істейтіні туралы хабарлаймыз.

2020 жылғы 8 мамырдағы ахуал бойынша облыста вирусты жұқтырған 180 адам анықталған, оның ішінде 3 адам көз жұмған, 83 пациент жазылып шыққан.

Оқи отырыңыз: 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады. Тоқаев мәлімдемесінің толық мәтіні

10.39 – Ақмола облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам анықталды
(08.05.2020 ж. сағат 09:40-тағы мәлімет бойынша)

Вирусты жұқтырғандардың бірі — Ақкөл ауданының 1976 жылғы тұрғыны, ол өзіне дейін коронавирусты жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болған. 30 сәуір күні Ақкөл аудандық ауруханасының карантиндік стационарына жатқызылған. Қалған екі адам Целиноград ауданында тіркелді. Олардың бірі 2010 жылғы қыз бала, Қосшы ауылынан, ол да вирусты жұқтырған адаммен байланыста болған. Әкесі - Нұр-Сұлтан қаласындағы кәсіпорын қызметкері.

Екіншісі Қоянды ауылынан — 2014 жылғы ұл бала. Үй карантинінде болған. Ауруханаға жатқызу орны ретінде Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансері анықталды. Аталған азаматтармен байланыста болған адамдарды анықтау үшін санитарлық-эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауру ошақтарын зарарсыздандыру жұмыстары қолға алынған.

Облыс стационарларында 256 емделуші жатыр, олардың ішінде 17-сі провизорлық стационарда, 225-і карантиндік стационарда, 14-і жұқпалы аурулар стационарында.
718 адам үй карантині режимін сақтап отыр.

Ақмола облысында анықталған 106 адамның ішінде:
93 адам Целиноград ауданы,
4 адам Аршалы ауданы,
4 адам Көкшетау қаласы,
2 адам Шортанды ауданы,
2 адам Ақкөл ауданы,
1 адам Егіндікөл ауданынан.

10.21 – Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам туралы ақпарат
(08.05.2020 ж. сағат 09:40-тағы мәлімет бойынша)

ПТР диагностикалық зерттеу қортындысы бойынша Маңғыстау ауданының Шайыр ауылының тұрғындары — 1973 жылғы азаматшадан және 2019 жығы баладан, Бейнеу ауданынан 2014 жылғы баладан, сонымен қатар Жаңаөзен қаласының 1982 жылғы азаматшасынан қауіпті індет табылды. Олар коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдермен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.

08.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде 109 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды.

Оқи отырыңыз: Президенттің төтенше жағдай кезінде халықты әлеуметтік қолдау шаралары. Толық тізім

09.45 – Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 1 науқас көз жұмды.

Ол 1963 жылы дүниеге келген азамат.

09.40 – Коронавирус жұқтырған 112 адам тіркелді:

  • Алматы – 72;
  • Атырау облысы – 16;
  • Нұр-Сұлтан – 7;
  • Маңғыстау облысы – 4;
  • Қарағанды облысы – 3;
  • Ақмола облысы – 3;
  • Қостанай облысы – 2;
  • Жамбыл облысы – 2;
  • Қызылорда облысы – 2;
  • Түркістан облысы – 1.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған барлығы 4 690 адам анықталды.

09.30 – Алматыдағы көп қабатты тұрғын үйлерді, балалар және спорт алаңдарын 2020 жылдың 8 мамырына арналған дезинфекциялау кестесі:

Алмалы ауданы: Абай - Байтұрсынов - Мақатаев - Сейфуллин - Райымбек - Байзақов – Гоголь – Әуезов көшелерінің шаршы аумағы

Алатау ауданы: Атлетикалық ауыл, Нұркент, АЗТМ-Алғабас, Ақкент, Ақбұлақ, Алғабас-Теректі.

Әуезов ауданы: 8, 9, 10, 10 А, 11 ш.а, Таугүл ш.а., Таугүл 1,2, Науаи, Тотабаев, 2 ая, Вишневский, Карпинский, Щепкин, Пятницкий, Ладыгин, Сүлейменов, Рысқұлбеков, Жандосов, Жазылбек, Асқаров, Мұстай Кәрім, Цветочная, Центральная, Шабыт ш.а., Таугүл/Әділет, Садовый бульвар көшесі, Солнечный проезд, Степная, Спортивная, Керуентау, Коржын, Мамыр/Таугүл ш.а., АФЦИНАО, Мамыр 7.

Бостандық ауданы: Әл-Фараби даңғылы - Үлкен Алматы - Абай даңғылы - Жароков көшесі шаршы аймағы.

Жетісу ауданы: "Айнабұлақ" 1,2,3,4 ш.а., "Кокмайса" ш.а.

Медеу ауданы: Қажымұқан-Достық көшелері Погран. училищеге дейінгі квадрат, Чайкин, Елебеков көш., 27,29, Омаров (80Д), Достық даңғ., 291/3,291/20, 291 а / 1,291 Б., Тайманов көш., 222,224,136, Шашкин көш., ІІМ қалашығы (Назарбаев көш., 264-тен 313 + ЖК Ренесанс, Назарбаев көш., 301

Наурызбай ауданы: Тастыбұлақ ш.а., Таутаған, Жандосов, Қарлығаш көш., Ақжар ш.а., Дәулеткерей к-сі, "Таусамалы" ш.а., Ақбата, Санаторная, Қонаев, Ниязбеков, Сағдиев, Рысқұлов, Айматов көшелері, "Қалқаман" ш.а., Әшімов көшесі, Жансүгіров көшесі.

Түрксіб ауданы: РВ 90, 13, 16 В / Г 13, 16 әскери қалашық, СМУ, Сүйінбай, Дегдар, Красногорская, Покровская, Булавина, Рысқұлов, Сүйінбай, Бекмаханов, Майлин - Шемякина, Сүйінбай, Магнитная, Гете, Орджоникидзе, Ереванская, Коммунаров, Қожедуба, Руставели, Гравийная, Физули, Хмельницкий, Староэлеваторская, Долана Рысқұлов, Сейфуллин, Темір жол вокзалы, Жансүгіров, Тынышбаев, Белград, Дулатов, Жансүгіров, Жарлығасов, Жұмабаев, Кассин, Коломенская, Котельников, Кунгурская, Молдағалиев, Осипенко, Палладин, Пугачев, Ровенский, Сауранбаев, Сервантес, Успенский, Физкультурная, Чернышевский, Чехов, Щербаков, Шолохов, Крамский.

Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:

  • қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
  • көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
  • науқас адамдармен байланысқа түспеу;
  • салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.
ДСМ жедел желі номері: 1406
Серіктестер жаңалықтары