Тікелей эфир

Жас ғалым Дінмұхамед Шахман: Ғылымды кітаптан оқып қана меңгеру – дұрыс емес

Жас ғалым Дінмұхамед Шахман
Жас ғалым Дінмұхамед Шахман
Дінмұхамед Қазақстандағы ғылым саласына қатысты өз ойларымен бөлісіп отырады.

Дінмұхамед Шахман – жас ғалым, химик. Қазір Канаданың Торонто қаласындағы химия компаниясында жұмыс істейді. Ол Қазақстанда Назарбаев университетінде оқып жүргенде Оңтүстік Корея мен Францияда біліктілігін арттырған. Кейінірек Канаданың Брок университетінде магистратурада оқуын жалғастырып, химия саласында жұмыс істей бастаған.

Дінмұхамед әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстандағы ғылым саласына қатысты өз ойларын жазып отырады. Informburo.kz осы орайда жас ғалымға сауалдар жолдап, қазақ ғылымы жайында шағын сұхбат жасады.  

– Қазір қайда және қай салада жұмыс істеп жатырсыз?

– Мен Канадада халықаралық Entegris компаниясында жұмыс істеймін. Бұл компания электроникаға арналған жартылай өткізгіштерді жабуға арналған заттарды синтездеумен айналысады. Мұндағы стандартты жұмыс кестесі аптасына 40 сағатты құрайды. Канадада еңбек нарығының ерекшелігі сол, стандартты жалақы бар және ол қызметкердің лауазымына байланысты өзгереді.

– Сіз Кореяда, Францияда, Канадада ғылыми тәжірибеден өттіңіз. Бұл елдерде жастардың ғылыммен айналысуына қандай мүмкіндіктер жасалған?

– Мен бұл елдердің қандай айырмашылықтары бар екенін нақты білмеймін. Бірақ, оларға ортақ нәрсе: мемлекет ғылыми қызметті қолдау үшін жеткілікті қаржы бөледі және жергілікті ғана емес, шетелдік кадрларды тартуға жағдай жасалған. 

Олардың мектептегі білімі мықты деп айта алмаймын, бірақ университеттерінің көпшілігі сапалы, заманауи құралдармен жабдықталған. Еңбек нарығында әлеуетті одан әрі дамытуға мүмкіндіктер бар.

– Cіздің "Қазақстанда ғылым саласы танымал емес" деген видео жазбаңыз кеңінен талқыланды. Сіздің ойыңызша, елімізде жастардың ғылымға қызығушылығының төмен болуының себебі не?

– Біріншіден, мектептерді зертханалық жұмыстарға қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтауға жеткілікті қаржының жоқтығы. Білім тек теориямен шектелмей, практикалық мәселелерге көбірек көңіл бөлуі керек. Кез келген ғылыми саланы тек кітаптан оқып үйрену жеткіліксіз.

Екінші себебі, менің ойымша, ақпараттық кеңістікте ғылым саласы насихатталмайды, үлгі-өнеге жоқ. Дәл осы мақсатта менің Alachemist академиялық блогым құрылды. Онда мен аудиторияны Қазақстанда және одан тыс жерлерде өз бағытын ұстанып жүрген ғылымдағы жастарымызбен таныстырамын.

– Ғылым саласында табысты болудың құпиясы қандай?

– Менің ойымша, жоғары табыстың құпия жолы жоқ. Өйткені, сіз өз ісіңіздің ізденетін маманы болсаңыз, сіз ешқашан ақшадан құр қалмайсыз. Сонымен қатар, тек жалақының өзі жеткіліксіз болып жатқан уақытта – мен бірнеше табыс көзін табуға және әркімге өзінің жеке брендін дамытуға кеңес берер едім.

– Болашақта Қазақстанға келіп жұмыс істейсіз бе?

– Қажетті тәжірибе жинақтаған кезде және нарықта қызықты ұсыныстар немесе мен пайдалы бола алатын перспективалы қазақстандық стартап болса, мен Қазақстанға қуана барар едім....

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары