Тікелей эфир

Саяси философ Франсис Фукуяма алғаш рет Орталық Азияға келді

Франсис Фукуяма / Фото: CAPS Unlock
Франсис Фукуяма / Фото: CAPS Unlock
Франсис Фукуяма мен Стэнфорд университетінің басқа да танымал сарапшылары Алматыда реформа көшбасшыларына арналған ерекше курс аясында дәріс оқиды.

21-25 тамыз аралығында Алматыда алғаш рет инклюзив экономикалық өсім, орынды мемлекеттік саясат пен нарық реформаларына ықпал ететін конструктив күшті қалыптастыру үшін мемлекеттік құрылым, бизнес пен азаматтық қоғам көшбасшыларын дайындауды көздейтін Leadership Academy for Development бағдарламасы өтеді.

LAD мақсаты – нақты аймақ үшін, әсіресе Орталық Азия үшін, реформа көшбасшыларының қиын проблеманы және оның себептерін тану, ұжымдық әрекетке және мемлекеттік сектор мен жеке сектор арасындағы диалогқа сүйеніп іске асырылатын шешімдер қабылдау қабілетін арттыру. LAD бағдарламасы мемлекеттік және жеке секторда сындарлы реформаторлар желісін қалыптастыруға, саясат деген көбіне ең озық іс жүзінде қолдануға болатын реформаларды іздеу екенін түсінуге ықпал етеді. 

Курсқа қатысушылар маусым айында таңдалды. Курс менторлары арасында танымал сарапшылар бар: 

  • Франсис Фукуяма Стэнфорд университетінің Оливьер Номеллини Фриман Спогли атындағы Халықаралық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері және FSI Демократия, даму және құқық үстемдігі орталығының (CDDRL) оқытушысы. Ол сондай-ақ Стэнфордттың халықаралық саясат бойынша Форд Дорси атындағы магистратура бағдарламасының директоры және саясаттану профессоры.
  • Эрик Дженсен Стэнфорд заң мектебі құқық үстемдігі бағдарламасының директоры және Стэнфорд университетінің Демократия, даму және құқық үстемдігі орталығының оқытушысы. 
  • Мэри Хильдербранд  саясаттану ғылымдарының докторы, Техас A&M университетінің Джордж Буш атындағы мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет мектебінің аға оқытушысы. Бұдан бұрын ол Харвардтың Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебі мен Халықаралық даму институтында 20 жылдай жұмыс істеген. 
  • Эрик Хонтц демократиялық және нарықтық институттарға инвестициялар әсерін зерттеуге агрессив және сындарлы капитал призмасын қолданатын CIPE-нің Жауапты инвестициялар орталығының (CAI) директоры.

"LAD тақырыптық зерттеулер мен саяси проблемаларды шешудің дара жүйесін қамти отырып, үкімет пен одан тыс жерлердегі көшбасшыларға ұзақмерзімді саяси реформалар жүргізуге қажет машықтарды үйретеді. Бағдарлама дүние жүзінде шамамен 70 рет ұсынылған, енді оны Орталық Азияға жеткізуге асықпыз", – деді Франсис Фукуяма.

Франсис Фукуяма / Фото: CAPS Unlock

Қазақстанда Орталық Азиядағы Leadership Academy for Development бағдарламасын Стэнфорд университетінің Демократия, даму және құқық үстемдігі орталығы (CDDRL), Халықаралық жеке кәсіпкерлік орталығы (CIPE) CAPS Unlock Орталық Азия саясатын зерттеу қоры (CAPS Unlock) мен Алматы Менеджмент университетімен (AlmaU) әріптестікте ұйымдастырды. 

"Бағдарлама Орталық Азия сарапшыларына Стэнфорд университетінің үздік профессорларынан білім алуға ықпал етеді, десе де, ол қолданбалы мағынада ғана маңызды деуге келмейді. Үздік қайраткерлердің Қазақстан мен Орталық Азияға келуінің өзі маңызды. Бұл әлем қауымдастығына аймақ диалогқа, жаңа идея мен ашық қоғам қалыптастыруға ашық екенін көрсетеді. Жаңа жаһандық қатерлерді түсіндіретін ойшылдардың арқасында адамзат күрделі геосаяси процесстерден өтіп, тиімді шешімдер тауып келе жатыр", – деді CAPS Unlock атқарушы директоры Аида Айдарқұлова.

Фото: CAPS Unlock

Бүгінгі таңда CIPE Стэнфорд университетінің Демократия, даму және құқық үстемдігі орталығымен бірлесіп оннан аса бағдарламаны іске асырды. Бағдарламаға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан үкіметі, жеке секторы, ғылыми және азаматтық қауымдастығынан іріктелген 35 адам қатысады. 

"LAD бағдарламасының Орталық Азияға алғаш келуі және біз әріптестеріміз CAPS Unlock пен AlmaU-ға осы курсты ұйымдастыруда серіктес болып, көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреміз. Апта бойы қатысушылар мүдделі тараптарға толық анализ жасауды, нақты тақырыптық зерттеулерге сүйеніп экономикалық саясат проблемаларының шешімін табуды, сектораралық білім алмасу арқылы сенімді нығайтуды, реформаны іске асырушылардың алдынан шығатын проблемалардың шешімін табуды үйренеді", – деді Халықаралық жеке кәсіпкерлік орталығының (CIPE) бағдарламалар жөніндегі басқарушы директоры Эрик Хонтц.

Бағдарламаға қатысушы, AlmaU саясат және құқық мектебінің саяси зерттеулер орталығының директоры Даниал Саари курстың алғашқы күнінен кейінгі әсерімен бөлісті.

"Фрэнсис Фукуяма мен Мэри Хильдебрандт сияқты танымал және тәжірибелі ғалымдардың саясаттану және даму саласындағы терең білімі мен тәжірибесі адамзат алдында тұрған проблемалар мен мүмкіндіктер туралы құнды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Сабақтар нақты құрылымдалған, теориялық тұжырымдамалардың практикалық мысалдармен және интерактивті топтық жаттығулармен үйлесім тапқан. Топтық жұмыстар негізінен нақты деректер негізінде шешім қабылдауға және саясатты негізді әзірлеу үшін деректерді пайдалануға баса назар аударады", – деді Даниал Саари.

LAD жеке секторға экономикалық өсу мен дамудың сындарлы күшіне айналуға көмектесу үшін дамушы елдердің мемлекеттік қызметкерлері мен бизнес көшбасшыларын даярлайды. Сарапшылар Орталық Азия күрделі реформалар мен даму жолымен келе жатқандықтан, бұл бағдарлама Орталық Азия елдеріндегі талантты лидерлердің нарықтық реформалар саласындағы күрделі бастамаларын іске асыруға көмектеседі деп үміттенеді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары