Қостанайдың негізі 1879 жылы Тобыл бойында сауда орталығы ретінде құрылды. Ол кезде өзенде кеме жүзетін, ал қаланың өзінде шаруалар мен көшпенділер жәрмеңкелер ұйымдастырды. Қазіргі таңда бұл Қазақстанның солтүстігіндегі ең ірі қалалардың бірі, тұрғын саны – 264 мың адамнан асады.
- 1879-1895 жылдар аралығында Николаевск атын алды;
- 1895-1997 жылдар аралығында – Кустанай;
- 1997 жылдың 17 маусымынан бастап – Қостанай атауына ие.
Қоғамдық көлік
Қалада қоғамдық көлік көп, қозғалыстың орташа интервалы – 10-12 минут арасы. Алматылықтың көзіне бірден түсетін ерекшелік – кептелістің аздығы. Автобустар ескі болса да, ыңғайлы.
Маңызды деталь – алматылықтар үйренген "Оңай" жүйесі. Жол ақысын жергілікті жолақы картасымен қолма-қол немесе QR-код арқылы төлеуге болады. Жол ақысы – қолма-қол 170 теңге, электронды түрде – 100 теңге.
Жолаушылардың кіріп-шығуы да таңғалдырды. Барлығы орталық есік арқылы кіріп, алдыңғы есіктен шығады. Жол ақысы шығар есікте төленеді, адамдар кезек-кезегімен карточкаларын басады. Автобус аялдамаларда бірнеше минуттап тұрады, алайда бұл жолаушылардың наразылығын тудырмайды.
"Ату қабырғасы"
Қалада тарихи-мәдени ескерткіштің көптігі таңғалдырмай қоймайды. Әсіресе "Ату қабырғасы" 1918-1919 жылғы көтеріліске шығып, атылып кеткен шаруалардың құрметіне қойылған. Қабырғадан әлі күнге дейін оқ іздері көрінеді, бұл көріністен дене түршігіп кетеді.
Қызыл әскерлерді, партиялықтар мен кеңес жұмысшыларын атқан орын Қостанай қаласының ең көне аумақтарының бірі, 1915 жылы құрылған облыстық тарихи-өлкетану музейінде орналасқан. Музейде 10 зал бар, оның ішінде 131 мың экспонат құрылған, бұл жақтан ұлттық мәдениетке жататын кескіндеме, киім және зергерлік бұйымдар, мүсіндер және т.б. көруге болады.
Орыс драма театры
Баймағамбетов көшесінде тұрғызылғанына 100 жылдан асып кеткен театр ғимараты бар. Ол төңкеріске, соғысқа, КСРО тарауына куә, осы жылдар ішінде көрермендерге қойылым ұсынуын тоқтатпаған.
Көшеден алматылықтар үшін үйреншікті электросамокаттарды көруге болады. Алайда бұл жақта осынау құрылғыны қолданатындар аз.
Кафедралды Константино-Еленин соборы
Күмбезі бар қоңырау мұнарасының биіктігі – 25 метр. Мұнда қызметтер күн сайын жасалады, ғибадатханада шіркеу кітапханасы мен жексенбілік мектеп жұмыс істейді.
Собор алаңында тағы бір тарихи белгі бар, ол –1900 жылы салынған ағаш шіркеу. Соғыс кезінде госпиталь осында орналасқан. Ғимаратта 1925 жылдан 1930 жылға дейін Константин-Еленин шіркеуінде қызмет еткен алғашқы қостанайлық Епископ Тимонды (Русанов) еске алуға арналған тақта орнатылған.
Соборға кірген кезде Ұлы Отан соғысы кезінде Отан үшін өз өмірін қиған жауынгерлерді еске алуға арналған Тағзым кресті көрінеді.
Ыбырай Алтынсарин Музейі
Қазақтың ұлы ағартушысы және ұстазы осында өмір сүрді, осында жұмыс істеді. Мұражайдағы әсерлі экспозициялардың бірі – Ыбырай Алтынсарин мен оның шәкірттерін бейнелейтін пішіндер.
Қостанайлықтардың қоғам қайраткерлері мен ғалымдарға деген құрметі анық байқалады, көшелердің аттары, монументтер мен ескерткіштер, тұрғын үй сыртындағы суреттер осыған дәлел.
Марал ишан атындағы мешіт
Мешіт 1893 жылы тұрғызылған. Алматылықтың көзіне ілінетін бірінші зат – негізгі ғимараттарда терезелердің көп болуы.
Нысанның тарихи атауы Ақ-Мешіт әртүрлі жылдары кинотеатр, клуб, концерттік зал болды. Соғыс жылдары бұл жаққа ленинградтықтар эвакуиацияланған. Мұсылмандарға 1991 жылы қайтарылды.
Ескерткіштер, монументтер мен парктер
Қостанай скверлер мен ескерткіштердің көптігі жағынан Алматыға ұқсайды.
Қалалық әкімдіктің жанында Кеңес үкіметінің батырлары Леонид Беда мен Иван Павловқа ескерткіш орнатылған.
Жергілікті "Арбат"
Жергілікті" Арбатта " қайыңның көлеңкесінде Қостанайдың Құрметті азаматы және көрнекті шахмат теоретигі Анатолий Уфимцевке ескерткіш орнатылған.
Орталық мәдениет және демалыс паркінде алтын күздің лебі сезіледі.
Азаматтар жылы күзден рахат алып, фотосессиялар ұйымдастырып жүр.
Көптеген көне ғимараттардың ішінен Қостанай облыстық мәслихатының ғимараты анық байқалады.
Тобыл өзенінің жағасы
Қостанай Тобыл өзенінің жағасында орналасқан, ұзындығы – 1,5 мың шақырым.
Жағалауда тың жерлерді игеруге арналған ескерткіш орнатылған. Қостанай – ұн мен макарон өндіру орталығы, мұнда ірі зауыттардың бірі – "Корона"орналасқан.
Жергілікті тұрғындардың сүйікті ісі – балық аулау. Өзенде алабұға, шортан, қарақұйрық, тұқы, көксерке бар.
Тұрғындар күн сәулесіне шомылып, жағалауда жүргенді ұнатады.
Тобылдың оң жағалауы мен сол жағалауы қосылған тұста "Жылқы" мүсіні қойылған.
Қызыл кірпіш
Жергілікті тарихи ғимараттарға қызыл кірпіш тән. Тұрғындардың сөзінше, қызыл кірпіш қатты аязға төтеп береді.
Төңкеріске дейінгі уақытта кірпіш шығаратын зауыттар қалада орналасқан еді. Қазіргі таңда Қостанайда жаңа тұрғын үй кешендерін ақ, жасыл, қызыл, сары кірпіштерден тұрғызады.
Қалада өсіп тұрған ағаштардың ішінен қарағай ерекше көзге түседі.
Саудагер Антон Лоренц сыра қайнату зауыты 1893 жылы ашылған, сәулет ескерткіштеріне жатады. Ғимарат бүгінгі күнге дейін мақсатына сай қолданылады. Ол да қызыл кірпіштен салынған.
Біздің күнге дейін сақталған алғашқы төрт сыныптық ерлер училищесі 1907 жылы құрылған. Оқу орны ашылған соң әйелдер гимназиясы болып өзгерді, кейін ғылыми институт, медучилище, сурет мектебі болды.
Сағат
Қостанайдың бірінші оқу орнына қарама-қарсы Сағат мұнарасы орналасқан. Ол 1980 жылдары салынған. Ғимарат сәулет ескерткіші болмаса да, ол қаланың басты ғимараттарының бірі болып саналады.
Көшеден музыканттарды да көрдік.
Көліктерін жуып жүрген жандарды да көзіміз шалды. Бұндай құдық Алматыда 90-жылдардың соңында танымал болған. Құдықтан су ішкен адам ыстық күнде шөлін басатын. Оңтүстік астанада бұл көрініс қазіргі таңда кездеспейді.
Алматы тұрғыны үшін Қостанайда өзен жағасында демалу өзінше бір ерекшелік болары сөзсіз. Өйткені бұл жақтың өз атмосферасы бар.
Александра Гузева
Қазақшаға аударған: Мейіргүл Оңғарова