Жақында қоқыс шығарудың жаңа стандарты бекітілді. Құжат 2024 жылдың 1 шілдесінде күшіне енеді. Құжатта қоқысты контейнер алаңдарында өңдеу керектігі аталды.
Алматы мен Қазақстанның өзге де қалаларында қоқыс өңдеу туралы бастаманы GreenUp.kz қоғамдық қорының жобасы Recycle Birge қоғамдық қозғалысы көтерді. Белсенділер экосенбіліктер жасайды, одан кейін қоқысты сорттап, қайта өңдеуге береді. Алматылықтар қоқыстың 13 түрін 1775 келі көлемінде өткізген.
2ГИС қызметіне сүйенсек, қалада қайта өңделетін шикізатты қабылдайтын мыңнан астам пункт бар. Олар әдетте қалдықтардың бір түрін қабылдайды.
Науқаннан бөлек, азаматтар қайта өңдеуге қоқыстың екі түрін әкеле алады, Алматыда бұл мақсаттағы үш экобөлім жұмыс істейді. Ecosen ұйымының мәліметінше, олар қоқыстың барлық түрін қабылдайды.
Қайта өңделген қоқыстан не жасалады?
KazWaste қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастық сайтында қалдықтарды өңдеумен айналысатын бес ұйым көрсетілген.
Олар қайталама пластик өндіреді, автомобиль шиналарын, мұнай шламдарын (мұнай өндірісінің қалдықтары) қайта өңдейді, қайта өңделетін материалдардан геосинтетикалық тоқыма емес материалдар жасайды.
Өткен жылы Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығы бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайыловқа қоқысты жинау және қайта өңдеу саласын шұғыл реформалау туралы өтінішпен жүгінді.
Қауымдастық сайтында атап өтілгендей, республикада 100 мың тонна пластиктің 3,5 мың тоннасы ғана қайта өңделеді. Қалғаны полигондарға түсіріледі немесе Ресей мен Өзбекстанға жіберіледі. Шикізат тапшылығына байланысты зауыттар толық өндірістік қуатта жұмыс істей алмайды.
Recycle Birge белсенділері желіге жүктегендей, күн сайын 1200 тонна немесе Алматының 80 пайызы қоқысы қоқыс сұрыптау кешеніне келіп түседі.
Бұл қалдықтардың көп бөлігі сығымдалады және полигонға көміліп, қоршаған ортаға зиян келтіреді. Дұрыс сұрыпталған кезде олар қоршаған ортаға соншалықты зиян тигізбес еді.
Қоқысты қайта өңдеуді шағын кәсіпкерлер де қолдайды. Қазақстанның Алматыдағы алғашқы Zero Waste дүкені helloeco экодүкенінде қайта өңделген пластиктен жасалған білезік сатып алуға болады. Білезік тау етегіндегі шикізаттан жасалған. Кәдесый шамамен 3500 теңге тұрады.
Оқи отырыңыз: "Тау басында толып жатыр". Алматыда экобелсенділер әуе шарынан бас тартуға шақырды
Ресейде қоқысты қалай өңдейді?
Ресейлік Наталья Лапина қоқыс сұрыптау ісімен 7 жылдан бері айналысады. Осы уақыт аралығында қоқысты сапалы түрде сұрыптау ісімен тек экобелсенділер ғана айналысатынын көрген.
"Қоқысты бере салуға болмайды. Қоқыс қабылдаушы ұйымды толық тексерістен өткізу керек. Өйткені қоқыс қайта өңдеуге кете бермейді. Қоқысты не үшін жинайтынын түсінбеймін, алайда бұл мәселе бар", – дейді Наталья.
Жапонияда қоқыс қалай өңделеді?
Ресейлік Алена есімді қыз қазіргі таңда Хонсю аралының Мацуда қаласында тұрады. Ол Челябинск қаласында туып-өскен, туған қаласында қоқыс сұрыптап бастаған.
Күншығыс елінде қоқыс көшеге тасталмайды. Өйткені әр адам қоқысты өзімен бірге үйге алып кетеді.
Жапонияда қоқысты ірі сауда үйлерінде тастауға болады. Көшелерде, өткелдерде, темір жол бекеттерінде бірде-бір қоқыс жатпайды. Адам көп жерлерде қоқыс жатпайтыны халықтың тәртіпке үйренгенін көрсетеді.
Әрбір темір жол бекетінде әртүрлі қоқысқа арналған төрт жәшік бар: макулатура, әйнек, пластик салуға болады. Сондай-ақ, қоқыстарды қабылдауға арналған қаңылтыр мен алюминий қондырғылары да кездеседі.
"Қоғамдық орындағы түнгі кездесулерден кейінгі қоқыс – бөлек тақырып. Таңертең қоқыс үйіліп қалуы мүмкін, алайда 5:30-да бригада келіп, бәрін 10 минуттың ішінде тазалап алып кетеді", – дейді Алена.