Оралхан Бөкейдің шығармашылығындағы туындылардың өзгешелегі, табиғаттың тылсым сырларына тұнған әсемдігін қазақ тіліндегі жақұт жылтырақтармен кітап парақтарына жапсырып шыққандай әсері оқыған оқырмандарға бейнелі естеліктерін бір шолытып, әрбір оқырманға әр түрлі ой мен көзқарас қалыптастырады. Бейнелі сөздер ғана емес, жәй ғана суреттелген бос сөздер емес, сол заманның сәттерінен болашаққа да ескілікті сезіндірмейтін, ұзаққа ой жүгіртіп, електен өткізіп, асылдарын тізбектеп, тек қадірлеп, аялауды әспеттейтін, оқымаған адамдарға жеке қасиеттерін жақсартуға, білгендердің білімдерін жаңғыртуға ықпал етеді.
Жазушы Оралхан Бөкей өз қатарластарының ішінде, әдебиетке өткен ғасырдың алпысыншы жылдары келген буын саналғандықтан драматургия жанрына алғашқылардың бірі болып ден қойды. Алғаш рет "Құлыным менің" драмасын жазып, 1978 жылы театрда сахналанды. Кейіннен "Қар қызы", "Қайдасың қасқа құлыным" сияқты драмаларымен әдебиетте тыңнан түрен салды.
Жазушы "Құлыным менің" пьесасы үшін көп еңбектенген. Осы шығарманы сахналау үшін күнде талқылауға қатысыпты деседі. Дулат Исабеков естелігінде "драматургияның исі мұрнына бармай жүргенде" Оралхан пьесасының премьерасына барғаны туралы әңгімелейді. Замандасын драматургия әлеміне сүйреп, "сен де жаз, қолыңнан келеді" деп үгіттеген де осы Оралхан Бөкей екен.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Оралхан Бөкей – ұлт руханиятының көкжиегін кеңейтуге зор үлес қосқан тұлға
Оралханның шығармасында ұлттың санасын сілкіп, аштыққа толған рухани азыққа тоқтық сыйлайтын мәселелердің көп көтерілуі байқалады. Қазақ драматургиясында Оралхан Бөкейдің сөз мәйегін майыстырып, мәнін астармен ұғындырып, мағынасын кейіпкерлердің әрекеттеріне өрнектейтін ерекше өзіндік орны бар. Сөз арқылы оқиғалардың суретін салып, қоғамдағы орын алған жағдайлар мен мәселелерді өз шығармашылығында түйістіріп,драмтургияның жаңа қырын болашақ жазушыларға да іргетасын берік қалап берді. "Құлыным менің", "Қар қызы", "Текетірес", "Зымырайды пойыздар","Атау кере" сынды сахналық туындылары – Оралхан Бөкейдің драматург ретіндегі, аспанды жарқыратқан ұсақ жұлдыздардан ерекшеленген ірі жұлдыздар секілді өзге де ғалымдардың шығармаларынан айшықтап тұрады.
Оралхан пьесасының премьерасына барғаны туралы әңгімелейді. Замандасын драматургия әлеміне сүйреп, "сен де жаз, қолыңнан келеді" деп үгіттеген де осы Оралхан екен. Осылайша, Дулат Исабеков "Ректордың қабылдау күндерін", іле-шала "Әпкені" жазуға бас қойған.
1974 жылы Қадыр Жетпісбаевтың режиссерлігімен қойылған "Құлыным менің" көрерменін ерекше әсерге бөлеген қойылымның бірі. Бірнеше жыл Мұхтар Әуезов атындағы театр сахнасынан түспеген туынды өміршеңдігімен құнды. Осы пьесаны жарыққа шығарарда автор мен режиссер біте қайнасып, әр детальді ақылдасып құрған деседі. Содан ба, қойылым жылдар бойы көрерменін жоғалтқан жоқ. Психологиялық драма ауыл мен қала жасының өресін, сана биігін көрсетті. Ардакүреңін жақсы көрген жылқымінез жігіттің болмысын ашты. Ашты да, тегінен қашып, ұлттық болмысты жоғалтуға болмасын еске салды.
Одан кейін "Текетірес" пьесасы қоғамда сең қозғағандай әсер қалдырады. Әубәкір Рахимовтың режиссерлігімен сахналанған қойылым ғұмыры бір маусымға ұласады. Режиссер БАҚ-қа берген сұхбатында бұған декорация мәселесі мен саясат салқыны тигенін жасырмаған. Ал 1982 жылы қойылған "Қар қызы" философияға толы шығарма. Мұнда ақ пен қараның, өң мен түстің текетіресі суреттелгендей. Сіз бен біз мәніне терең бойлай алмайтын сиқыр әлемі де сырт қалмаған.
Жазушының драматург ретіндегі бағын биіктеткен әуелгі факторды Оралхан Бөкейдің драма әлеміне сахна сырын жетік біліп келуімен байланыстырғанымыз жөн. Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің сырттай бөліміне оқуға түспестен бұрын актерлік мамандықта оқуы өнердің қыр-сырын жете түсінуіне зор септігін тигізді.
Оқи отырыңыз: Оралхан Бөкейге – 80 жыл. Қаламгер өмірі мен шығармашылығына арналған тест
Ақындарға бергісіз шалқар шабытпен жырлап, айтар ойы бірнеше бет көлемінде ұзақ-ұзақ сөйлемдерге құрылып, тоқтаусыз, ешбір үтір-нүктесіз ақ өлең болып құйылып кете беретін Оралхан Бөкей стилі, жазу шеберлігі, ойды берудегі форма тапқырлығы – тек өзіне ғана жарасар, өзіне ғана тән дара құбылыс. Бұл жөнінде суреткердің өзі:
"Маған сөйлемдерің ұзақ деп сын айтады. Мен оны ешқашан да қысқартпаймын. Сол ұзақтық – менің артықшылығым болар, сол ұзақтық шығар мені Оралхан Бөкеев етіп тұрған. Егер оны қысқартсам, мен де көптің бірі болып қала берер едім. Сондықтан да мен ел шығып жатқан есіктен емес, терезеден түскім келеді. Маған еліктеп жылап жазған, жырлап жазған біреулер қазір редакцияда емес, жындыханада жүр. Мықты болсаң қайталама менің өмірімді, бөрінің артынан бөлтірік ақылдылығынан еріп жүрген жоқ", – деп өктем үн қатады.
Шерхан Мұртазаның ұстаздық талғамын тәнті еткен үлгілі шәкірттік атауына лайық, үкілеген үмітін ақтай білген туындылары бүгінгі таңда Оралхан ағаның туындыларынан Шығыстың шынарына шырай төккен, көзбен көрмеген қазағыма, көргендей сезім сепкен туындылары драматургияның қарқынды дамуына жасырын жарығы мен жылуымен баурады. Оралхан Бөкейдің тамшыдай ғана көрінген таңдаулы шығармаларына тек мақтау ғана емес, алғашында сын-пікірлерде сипап өтсе, уақыт өте келе сол сындардан сапалы үзік жалғасып, көпшілікті бірден жаулаған туындылары тармақталып, әлемнің өзге халықтарына да аударылып, елеулі көзге үлкен жарық болды.
"Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады" деген Міржақып Дулатұлының ұлы сөзін бойына сіңіргендей, өз ұлтына қастерлі тілінің қасиетін қалдырып, киесін қондырып, өз шығармаларын қазақ қоғамына баяндай келе, өзге елдердің үлгі алып қызығуына жол сілтеп тұрғандай.
Әлфараби Масалим, Назерке Тілеубаева