Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да клиниканың қабылдау бөлімшесі ашылды.
"Институт кардиология, гастроэнтерология, эндокринология және басқа да ішкі ауруларды емдейді. 2021 жылы клиника сапа кепілдігінің алтын стандарты болып есептелетін халықаралық деңгейде мойындалған JCI аккредитациясынан өтіп, сертификат алды.
Оның айтуынша, қайта жөндеу жұмыстары 1000 шаршы метр аумақта жүргізілді. Соның ішінде пациенттер үшін ыңғайлы күту орны, электронды кезек және триаж сұрыптау принципі бойынша науқастарды бөлу жүйесі іске асырылды.
"Пациенттің сауығуға деген психологиялық көзқарасы қабылдау бөлімшесінде оны қалай қарсы алғандығына, персоналдың іс-әрекетінің үйлесімділігіне, жылдамдығына байланысты болады. Біздің пациенттеріміз – еліміздің өңірлерінен келетін созылмалы аурулары бар көп жылдар бойы ауырып жүрген адамдар, олардың көпшілігі бізде емделгісі келеді. Сондықтан қабылдау бөлімінде кейде кезектер болатыны заңдылық. Әрине, кезекті күту жағымсыз эмоциялар тудырады, тек науқастар үшін емес, тіпті сау адамдар үшін де кезек күту – қолайсыз. Біз жаңа жүйеге – науқастар ағынын тез және дәл таратуға мүмкіндік беретін электрондық кезекке көштік. Электрондық кезек талонын алып, бір мезгілде кезегін таблода көріп, пациент жайлы жағдайда ресімделуін күтеді", – деп атап өтті Марат Пашимов.
Триаж жүйесі енгізілді. Ол келген науқастарды санаттарға бөлуді қамтиды: жоспарлы, өздігінен келген және т.б. Осыған сәйкес олардың қолдарына адамның жағдайына байланысты қызыл, сары немесе жасыл түсті білезіктер тағылады.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға да жағдай жасалған. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған арбамен олар ғимаратқа емін-еркін кіріп, ішінде де емін-еркін жүре алады.