Тікелей эфир

2023 жылы Қазақстан университеттерінде білім алу ақысы қанша?

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
ЖОО комиссиялары құжаттарды 25 тамызға дейін қабылдайды.

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу үшін 25 тамызға дейін құжат тапсыру қажет. Биыл гранттарды тағайындау конкурсына 94 мың адам құжат тапсырды. Мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімінен табылмағандарға ақылы оқуға түсуге тура келеді. Осы орайда Информбюро порталы Қазақстанда бірқатар университеттерде жылдық оқу ақысы қанша теңге екенін анықтап, шолу жасады. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

ҚазҰУ-да оқу ақысы ең қымбат мамандықтар (1 млн 600 мың теңге): Кеден ісі, Құқықтану, Мемлекеттік қызмет, Қаржы құқығы, Коропоративтік құқық, Құқық қорғау қызметі.

  • "Өнер және гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Қызмет көрсету" – 1 млн теңгеден бастап 1 млн 300 мың теңгеге дейін;
  • Бизнес, басқару және құқық – 1 млн 300 мың теңгеден бастап 1 млн 600 мың теңгеге дейін;
  • Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 1 млн теңгеден бастап 1 млн 130 мың теңгеге дейін;
  • "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары"  – 1 млн теңге;
  • "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Денсаулық сақтау" – 1 млн 130 мың теңге;
  • Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс – 1 млн 600 мың теңге;
  • Денсаулық сақтау (техникалық және орта-кәсіптік білім) – 400 мың теңге;
  • Денсаулық сақтау (қолданбалы бакалавриат түлектері үшін) – 450 мың теңге;
  • Денсаулық сақтау (интернатура) – 780 мың теңге;
  • Техникалық орта-кәсіптік білім беру (барлық білім беру бағдарламалары) – 620 мың теңгеден 750 мың теңгеге дейін;
  • екінші жоғары білім (барлық білім беру бағдарламалары) – 890 мың теңгеден 1 млн 70 мың теңгеге дейін; 

"Алтын белгі" иегерлеріне – 25%, олимпиадалар мен ғылыми жарыстар, жобалар жеңімпаздарына, үздік диплом алған ҚазҰУ колледжінің түлектеріне, барлық оқу жылының ақысын бірден төлегендерге, жетімдерге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, толық емес отбасыдан шыққандарға, көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға 10% жеңілдік беріледі. 


Оқи отырыңыз: Грантқа түсу, ақылыдан тегін оқуға ауысу және жатақхана туралы маңызды 8 сұраққа жауап


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

ЕҰУ-де оқу ақысы ҚазҰУ секілді 1 млн теңгеден жоғары:

  • Педагогикалық ғылымдар – 1 млн 20 мың теңге;
  • Өнер және гуманитарлық ғылымдар – 1 млн 120 мың теңге, соның ішінде "Тарих және археология" – 1 млн 20 мың теңге;
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 1 млн 100 мың теңге, соның ішінде "Халықаралық қатынастар және дипломатия" – 1 млн 240 мың теңге;
  • Бизнес, басқару және құқық – 1 млн 240 мың теңге;
  • Бизнес, басқару және құқық (қолданбалы бакалавриат түлектері үшін, 2 жылдық оқу) – 750 мың теңге; 
  • "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Қызмет көрсету" – 1 млн 100 мың теңге.

"Алтын белгі" иегерлеріне – 10%, оқу ақысының барлық мерзімін төлегендерге 15% жеңілдік бар.

Сәтбаев университеті

Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті – Қазақстандағы ең ірі техникалық ЖОО. Оқу ақысы 800 мың теңгеден басталып, 1 млн теңгеге жетеді. 

  • "Өндірістегі гигиена және еңбек қорғау", "Көлік қызметтері, менеджмент және басқару", "Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі" – 799 100 теңге;
  • "Су ресурстары және суды пайдалану", "Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру", "Биотехнология" – 826 900 теңге;
  • Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн – 839 440 теңге;
  • Сәулет – 803 760 теңге; 
  • Қалған 78 білім беру бағдарламасының оқу ақысы – 1 004 700 теңге.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мұғалімдерді даярлайтын ірі оқу орны. Оқу ақысы 1 млн теңгеге жетпейді.

  • "Педагогикалық ғылымдар" – 799 мың теңге;
  • "Өнер және гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Қызметтер" – 933 мың теңге.

Оқи отырыңыз: Биыл ең көп білім грантын бөлген әкімдіктер қайсы


С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ

Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде медицина мамандықтарының оқу ақысы 1 млн теңгеден жоғары.

  • "Медицина", "Жалпы медицина", "Педиатрия", "Фармация", "Медициналық-профилактикалық іс", "Мейірбике ісі", "Интернатура" – 1 млн 188 мың теңге;
  • Стоматология – 1 млн 400 мың теңге;
  • Фармацевтикалық өндіріс технологиясы – 1 004 700 теңге;
  • Менеджмент – 799 100 теңге;

Абай университеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мұғалімдерді даярлайтын еліміздегі жетекші оқу орны. Басқа педагогикалық университеттерге қарағанда оқу ақысы қымбат.

  • Өнер және гуманитарлық ғылымдар – 1 121 098 теңге;
  • "Халықаралық қатынас және дипломатия", "Әлеуметтік ғылымдар", "Бизнес, басқару және құқық", Жаратылыстану ғылымдары, математика", "Ақпараттық жүйелер", "Аймақтану" – 933 121 теңге;
  • Педагогикалық ғылымдар – 816 656 теңге.

Жеңілдіктер: 

  • Жетімдерге, ата-анансының қамқорлығынсыз қалған студенттерге – 100%;
  • Толық емес отбасыдан шыққандарға, қызметтік борышын өтеп жүріп қаза тапқан әскери қызметшілердің, полицейлердің және қауіпсіздік қызметкерлердің балаларына – 15%-ға дейін;
  • Көпбалалы отбасынан шыққандарға – 10%-ға дейін;
  • "Алтын белгі" иегерлеріне – 30%-ға дейін;
  • Спорт жарыстары, пәндік олимпиадалар және республикалық айтыс жеңімпаздарына – 100%-ға дейін.

Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті шет тілі мамандарын даярлайтын ірі оқу орны. Мұнда оқу ақысы 800 мың теңгеден басталады. 

  • Екі шет тілі мұғалімі – 1 млн теңге:
  • "Халықаралық қатынастар", "Аударма ісі" (ағылшын тілі не қытай тілі) – 950 мың теңге;
  • Құқықтану – 900 мың теңге;
  • "Журналистика", "Шетел филологиясы" (ағылшын тілі не қытай тілі) – 850 мың теңге;
  • "Аударма ісі (неміс тілі не корей тілі не араб тілі), "Шығыстану",  "Шетел филологиясы" (шығыс тілдері), "Менеджмент және маркетинг", "Халықаралық бизнес", "Халықаралық құқық", "Туризм", "Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі" – 800 мың теңге.

ХҚТУ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті – еліміздегі ең алғашқы халықаралық оқу орны. Университет екі баға ғана қойған:

  • Жалпы медицина және стоматология мамандықтары – 900 мың теңге;
  • қалған мамандықтардың барлығы – 600 мың теңге.

Оқи отырыңыз: "Қазақстан халқына" қоры 850 білім беру грантын бөлді. Оны кімдер ала алады?


Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында медицина мамандықтары оқытылады. Оқу ақысы Алматыдағы Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-мен шамалас:

  • "Жалпы медицина", "Педиатрия", "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Фармация", "Мейірбике ісі" – 1 млн теңге;
  • Стоматология – 1 млн 200 мың теңге;
  • Фармацевтикалық өндіріс технологиясы – 900 мың теңге.

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде оқу ақысы 600 мың теңгенің айналасында:

  • "Педагогикалық ғылымдар", "Өнер және гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Бизнес, басқару және құқық", "Қызметтер" – 625 мың теңге;
  • "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" – 660 мың теңге.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 

  • Педагогика және психология, мұғалімдерді даярлау – 426 мың теңгеден бастап 537 мың теңгеге дейін;
  • Гуманитарлық ғылымдар – 459 мың теңге;
  • Өнер – 420 мың теңгеден бастап 453 мың теңгеге дейін;
  • "Тіл және әдебиет", "Журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару", "Қоршаған орта", "Қызмет көрсету саласы", "Әлеуметтік жұмыс" – 459 мың теңге;
  • Құқық – 537 мың теңге;
  • "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Қызметтер" – 625 мың теңге;
  • "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженер және инженерлік іс", "Өндірістік және өңдеу салалары" – 468 мың теңге;
  • Сәулет өнері және құрылыс – 459-468 мың теңге;
  • "Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау", "Агрономия", "Мал шаруашылығы", "Су ресурстары және суды пайдалану", "Агроинженерия", "Көлік қызметтері" – 468 мың теңге;

Жеңілдіктер:

  • Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ҰБТ пәндерінен олимпиада жеңімпаздарына, спорттан Әлем және Азия чемпиондарына – 100%;
  • ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қамқорлыққа алынған студенттерге, I және II топ мүгедектігі барларға, спорттан Әлем және Азия жүлдегерлеріне, халықаралық деңгейдегі чемпиондарға – 50%;
  • "Алтын белгі", "Үздік аттестат" иегерлеріне және ҰБТ нәтижесінде кем дегенде 100 балл жинаған түлектерге, университет кызметкерлерінің балаларына балаларына, ата-анасының екеуі де немесе жалғыз ата-анасы мүгедек студенттерге, көпбалалы отбасынан шыққандарға, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатынасқан білім алушыларға, халықаралық деңгейдегі спорт жарыстарынан 2 және 3 орын алғандар, республикалық деңгейде чемпион болғандарға – 25%;
  • республикалық деңгейде спорт жарыстарының жүлдегерлеріне – 10%.

Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде де екі баға ғана бар:

  • Алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру, шет тілі пәні мұғалімін даярлау, сәулет – 596 мың теңге;
  • өзге мамандықтардың барлығы – 496 мың теңге.

Жеңілдіктер:

  • "Алтын белгі" иегерлеріне – 10%;
  • Жетім студенттерге – 100%;
  • Қамқоршылары бар жетім студенттерге – 50%;
  • I топтағы мүгедек студенттерге – 100%;
  • II топтағы мүгедек студенттерге – 50%;
  • III топтағы мүгедек студенттерге – 30%;
  • 18 жасқа толмаған 6 және одан да көп баласы бар отбасылардан шыққан студенттерге – 30%;
  • спортшылар, халықаралық жарыстардың (универсиада, олимпиада, Әлем, Азия чемпионаттары) жүлдегерлері үшін – 5%-дан 20%-ға дейін. 

Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде оқу ақысы 505 мың теңгеден басталады. Ең қымбат мамандық – "Жалпы медицина".

  • "Педагогикалық ғылымдар", "Өнер және гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Қызмет көрсету" – 505 мың теңге;
  • "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" – 550 мың теңге;
  • Жалпы медицина – 760 мың; 
  • Фармация – 719 мың.

Жоғары оқу орындарына түсу үшін қажет құжаттар:

  • жеке куәлік;
  • 3х4 көлеміндегі фото;
  • орта білім туралы аттестат немесе диплом (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін);
  • № 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
  • ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі;
  • білім грантын тағайындау туралы электронды куәлік (грант иегерлері үшін).
Серіктестер жаңалықтары