Тікелей эфир

Көлікті кімдер және қалай тегін тіркей алады?

Фото Informburo.kz
Фото Informburo.kz
Егер сіз мүгедек баланың ата-анасы болсаңыз, көлік алғанда мемлекеттік нөмірді тегін рәсімдей аласыз.

Салық кодексінің 622-бабына сәйкес, ҰОС ардагерлері, оларға теңестiрiлген адамдар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, Чернобыль апатынан зардап шеккен азаматтар және ерекше баланың ата-анасының бірі автомобильге, автомобиль тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірі берілген кезде мемлекеттік баждарды төлеуден босатылады.

Қазіргі таңда көлік құралдары және жүргізуші куәлігіне қатысты қызметтер "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетіледі. Бұл ХҚО-ларда жүргізуші куәлігін алу, автокөлікті тіркеу және нөмір белгісін беру қызметтері ұсынылады.

Оқи отырыңыз: Жеке куәлік пен паспортты кім және қалай тегін жасата алады?

Мамандандырылған ХҚО-дағы мемлекеттік баж көлемі:

  • Көлік құралын тіркеу туралы құжат: 1,25 АЕК – 3 472,5 теңге;
  • Автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі: 2,8 АЕК – 7 779 теңге;
  • Мотоцикль немесе тіркеме: 1,4 АЕК – 3 890 теңге;
  • Транзит нөмір: 0,35 АЕК – 973 теңге.

Автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін тегін алу үшін қажет құжаттар:

  • жеке бас куәлігі;
  • көлік құралын тіркеу құжаты (техпаспорт);
  • меншік құқығын растау құжаты (сатып алу немесе тағы басқа келісімшарт);
  • мүмкіндігі шектеулі тұлғаның анықтамасы.

Оқи отырыңыз: Нотариус қызметін қалай тегін пайдалануға болады?

Ескеретін жайт: ерекше баланың ата-анасының бірі Салық кодексінің 622-бабына сәйкес тек мемлекеттік тіркеу нөмірін тегін ала алады. Ал техпаспорт пен басқа да тіркеу ақысын төлеуі тиіс.

Айта кетейік, Қазақстанда көлік құралдарын тіркеу, мемлекеттік тіркеу нөмірін және жүргізуші куәлігін қызметтерін egov.kz сайтында онлайн рәсімдеуге болады. Ол үшін қызмет алушының электронды-цифрлы қолтаңбасы болуы керек.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары