Тікелей эфир

Көлік жүргізушілері білуі жөн ым белгілері қандай?

Сурет shutterstock.com сайтынан алынды
Сурет shutterstock.com сайтынан алынды
Жол-көлік апаты себептерінің алғашқы ондығына көлік жүргізушілері арасындағы түсінбеушілік кіреді. Қарапайым ғана ым белгілерін білу қауіпсіздікті арттырады.

Төменде жазылған ым белгілері ешбір жол қозғалысы ережесінде жазылмаған. Дегенмен, кәсіби жүргізушілер арасында бұл белгілер аса танымал.

Фар жарығы арқылы белгі беру

Фар жарығымен белгі берудің екі түрі бар:

  1. Жарықты ұзақ жазу. Бұл, негізінен, қауіп туралы белгі беру не қарсы бағыттағы (не алдағы) көліктен өткізіп жіберуін өтіну болып табылады. Түнгі уақыттағы мұндай белгі қарсы бағыттағы көліктен фар жарығын бәсеңдетуді сұрауды да білдіреді
  2. Жарықты бір-екі мәрте қысқа жағу. Бұл өзге көлікке не жаяу жүргіншіге жол беруді білдіреді.

Дабыл жарығымен белгі беру

Дабыл жарығы көлік бұзылған не жол апатына ұшыраған жағдайда жағылады. Сондай-ақ, оны өзге көлік жүргізушісіне рақмет айту ретінде де қолдануға болады. Жаяу жүргіншілер жолағы алдында көлік дабыл жарығын жақса, бұл "қозғалысты баяулат, жаяу жүргінші бар" деген белгі.

Оқи отырыңыз: Көлік терезесі буланбас үшін не істеу керек?

Дыбыстық белгі беру

Дыбыстық белгінің кең тараған үш түрі бар

  1. Қысқа белгі. Назар аудару үшін жасалады. Мәселен, тұрақтан шығып келе жатқан көлікке абайлау үшін ескерту жасау.
  2. Екі орташа белгі. Бұл арқылы жүргізушілер алдағы көліктен жылдамырақ жүруін сұрайды.
  3. Қалыпты белгі. Рахмет айту не алғысқа жауап беру белгісі.
Есте ұстаған жөн: елдімекендерде тыныштықты сақтау мақсатында дыбыстық белгі беруге болмайды.

Стоп белгісі

Егер алдағы жүргізуші қайта-қайта тежегішін қаттырақ басып, стоп белгісін берер болса, бұл оның олақтығы немесе сізге қыр көрсетуі емес. Жүргізуші бұл белгіні екі бұрылу шамын ұзақ жағып, өшіру арқылы көрсетеді. Бұл сіздің оған қаттырақ жақындап кетпей, ара қашықтықты сақтап жүруіңізді өтінгені.

Бұрылыс жарықтарын жағу

Оң және сол жақ бұрылыс жарықтарын жағу көліктердің бір-бірін қауіпсіз басып озуына көмектеседі. Сол жақ жарық "озба, алда қауіп бар" дегенді білдірсе, оң жағы "озуға бос кеңістік бар" деген белгі.

Оқи отырыңыз: Көлік салығын қалай төлеуге болады?

Мәселен, егер сіз көлікті басып оза бастасаңыз, алдағы жүк көлігі кенет сол жақ жарығын жақса, онда бұрынғы орныңызға жедел оралу керек. Ал қарсы жолақта бос кеңістік пайда болған кезде жүк көлігі оң жақ жарығын жағу арқылы белгі береді.

Әдетте, бұл белгі алыс жол кезінде қалааралық жолдарда қолданылғанымен, қала ішінде де қолданатындар бар.

Қолмен жасалатын белгілер

  1. Әуеде дөңгелек сызу. Бұл дөңгелектегі желдің аз екенін хабарлауды білдіреді.
  2. Қол көтеру. Бұл рахмет айтудың жеңіл тәсілі.
  3. Қолды кеуде тұсына қою. Бұл өзінің жол қозғалысы кезінде жасаған қателігі үшін кешірім сұраудың белгісі.
  4. Қолды көтеріп, алақанды төмен қаратып ауаны ұру. Бұл көліктің жүк бөлігінің не капотының ашық тұрғанын хабарлау.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары