Тікелей эфир

Көлік салығын қалай төлеуге болады?

Сурет shutterstock.com сайтынан алынды
Сурет shutterstock.com сайтынан алынды
31 желтоқсан – 2019 жылғы көлік салығын төлейтін соңғы күн. Үлгермеген жағдайда, өсімпұл төлеуге тура келеді.

Жеке тұлғалар көлік салығын көлікті тіркеу, қайта тіркеу кезінде және жол полициясы органдарында көлік құралдарын есептен шығару кезінде не әр есептік жылдың 31 желтоқсанына (қоса алғанда) дейін төлеуі тиіс.

Салықты төлем терминалы, egov.kz порталы, интернет-банкинг жүйесі не кез келген банк бөлімшесінде, сонымен бірге "Қазпошта" АҚ-ның бөлімшелері мен Мемлекеттік кірістер басқармасының аймақтық кассаларында төлеуге болады. Ол үшін көлік құралының VIN-коды мен автокөлік иесінің ЖСН-ін білу қажет.

Егер сақтандыру арқылы өзгенің көлігін тізгіндеп жүрген жағдайда көлік пен оның қожайыны тіркелген ауданды да білу қажет болады.

Салық сомасы қалай есептеледі?

Салық көлемін білу үшін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында не egov.kz порталында орналасқан салық есептегішінің көмегіне жүгінуге болады. Соңғысы бірден төлем жасауға мүмкіндік береді.

Салық сомасы көлік қозғалтқышының көлеміне қарай есептеледі:

  • 1,1 мың см3-ге дейін – 1 АЕК;
  • 1,5 мың см3-ге дейін – 2 АЕК;
  • 2 мың см3-ге дейін – 3 АЕК;
  • 2,5 мың см3-ге дейін – 6 АЕК;
  • 3 мың см3-ге дейін – 9 АЕК;
  • 4 мың см3-ге дейін – 15 АЕК;
  • 4 мың см3-тен жоғары – 117 АЕК.
2019 жылы 1 АЕК – 2525 теңге.

Егер автокөлік жыл ішінде сатып алынған болса, онда салық толық бір жыл үшін емес, тек техникаға іс жүзінде иелік ету мерзіміне төленеді.

Оқи отырыңыз: Отшашу кезіндегі қауіпсіздік талаптары қандай?

Көлік салығынан кім босатылады?

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар;
  • Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдерімен марапатталған адамдар;
  • 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған адамдар;
  • Кеңес Одағының батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталған адамдар;
  • "Батыр Ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" немесе "Күміс алқамен" марапатталған көп балалы аналар;
  • мүгедектер.

Бұл санатқа жататын көлік иелері бір жыл ішінде тұрғылықты жері бойынша орналасқан мемлекеттік кірістер басқармасына жеңілдік алу құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелерін өткізу керек.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары