Тікелей эфир

Көлік доңғалақтарын қашан ауыстыру керек. Мамандар биыл қыста ауа райы қандай болатынын айтты

Бүгін "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны алдағы маусымға және жылға арналған ауа райының болжамын жариялады.

Норма – көп жылдық ауа райының орташа мөлшері.

Маусымдық болжам бойынша ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшерінің болжамы шығарылады. Осының негізінде нормадан тыс өзгерісті немесе ауа температурасының күрт өзгеруін түсіндіреді.

Мамандардың айтуынша, келер жылы бұрынғы жылдармен салыстырғанда күн жылы, жайлы болады.

Оқи отырыңыз: Көлік салығын қалай төлеуге болады?

Ақпанда күн қатты суытады

"Қарашада Қазақстанның басым бөлегінде ауа температурасы қалыпты нормадан 1 градусқа жоғары. Желтоқсанда қаңтарға қарағанда жауын-шашынды болады. Бұл екі айда да қалпты нормадан 1 градусқа жылы болады.

Ақпандағы суыққа Каспийден және Сібірден ойысқан суық ағыс еліміздің солтүстік, шығыс және орта бөлектеріне ықпал етеді.

Наурыз айында еліміздің басым бөлегінде ауа темпратурасы қалыпты нормадан 1°С жоғары болады. Жауын-шашын нормаға келеді", – деді орталықтың Ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова.

Маусымдық болжам орташа есеппен 60-65%-ды ғана сәйкес келіп отыр. Сондықтан, маусымдық болжамды консультативті түрде пайдаланған абзал.

Оқи отырыңыз: Көлік іші салқын. Пешті қалай жөндеуге болады?

Көлік доңғалақтарын қашан алмастыру керек?

"Нұр-Сұлтанда алдағы күндері жауын-шашын болғанымен ауа темпратурасы біртіндеп жоғарлайды. Түнде 5-10°С, күндіз 8-13°С жылы болады. Ал қарашада алғашқы он күнінде ауа темпратурасы біртіндеп төмендейді.

Бірінші 10 күндіктің соңына қарай ауа темпратурасы түнде 5-10°С аяз болса, күндіз 0-5°С суық болады", – деді Жұлдыз Исабекова.

Сонымен бірге, солтүстік облыстарда қарашаның бірінші жартысында, оңтүстік облыстарда қарашаның екінші жартысы мен желтоқсанда алғашқы қар түседі деп болжанып отыр.

Оқи отырыңыз: Көлік терезесі буланбас үшін не істеу керек?

"Қазан айында күн жылы болады. Қарашаның алғашқы он күндігіне қарай қатқақ басталады. Сол үшін қарашаның басында көлік доңғалақтарын ауыстыруды ұсынамын", – деп қорытты болжамын Жұлдыз Исабекова.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары