Тікелей эфир

KIMEP университеті тұрмысы төмен отбасынан шыққан жастарға 35 білім грантын бөледі

Үміткерлер өтініш пен құжаттарды 6 шілдеге дейін өткізіп үлгеру керек.

Алматыдан басқа қалалардан келгендерге университет жатақханасынан орын және күзгі және көктемгі семестр уақытында 81 400 теңге ай сайынғы шәкіртақы ұсынылады. Ал Алматы қаласында тұратын және тіркеуі бар студенттерге грант тек оқу ақысын өтейді.

Гранттар ел өңірлері бойынша бөлінген. Гранттың ең көп саны (6 грант) Түркістан облысына тиесілі. Байқау жеңімпаздары университеттің бакалавриатында келесі 14 бағыт бойынша білім алады:

  • бухгалтерлік есеп және аудит;
  • қаржы;
  • менеджмент;
  • маркетинг;
  • халықаралық қатынастар;
  • мемлекеттік және жергілікті басқару;
  • журналистика;
  • заң;
  • халықаралық құқық;
  • аударма қызметі және кәсіптік коммуникациялар;
  • екі шетел тілі (ағылшын/корей, ағылшын/қытай, ағылшын/неміс тілдері);
  • когнитивті ғылымдар.

Оқи отырыңыз: Биыл 9 738 түлек "Алтын белгі" иегері атанды. Бұл түлектердің жалпы санының 6,2% құрайды


Іріктеу талаптары:

  • 2021 жылғы мектеп түлегі болу;
  • ағылшын тілін жетік меңгеру (КЕРТ 80, IELTS 5.5, Duolingo 85-90, TOEFL 70);
  • меткеп аттестатының орташа баллы 5.00-ден 5.00;
  • ҰБТ нәтижесі (140-тан кемінде 100 балл).

Қосымша қарастырылатындар:

  • "Алтын белгі" айрықша белгісі бар аттестат;
  • соңғы үш жыл ішінде халықаралық не республикалық деңгейдегі олимпиадалар бойынша жүлделі орындар үшін берілген сертификаттар;
  • 5-11 сыныптар табельдерінің орташа балы.

Грантқа өтінішті қалай беруге болатынын университет сайтынан білуге болады.

Серіктестер жаңалықтары