"Қазпошта" АҚ тұрғындарға барынша ыңғайлы қызмет көрсету үшін GoPost Home жобасын қолға алып отыр. Оның аясында клиенттер сәлемдемелер супермаркетіне бармай-ақ, сәлемдемелер мен ұсақ пакеттердің үйге дейін жеткізілуіне тапсырыс береді.
Бүгінде GoPost Home қызметі пилоттық түрде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жүзеге асырылуда. Оның ішінде бұл қызмет – елордада Орталық операциялық учаскеде және №20 қалалық пошта байланысы бөлімшесінде, ал Алматыда Орталық операциялық учаскеде қолжетімді.
Бір мекенжайға 5 сәлемдемеге тапсырыс беруге мүмкіндік бар. Бұл жағдайда біріншісін жеткізу құны 1 000 теңгені құраса, қалған сәлемдемелердің әрқайсысы үшін тек 200 теңге төлеу қажет.
Қазіргі таңда бұл қызмет Telegram-бот @KazPostBot арқылы қолжетімді. Клиенттің сәлемдемесі супермаркетке келген кезде оған аталған мессенджер арқылы хабарлама жолданады. Егер оның тарапынан сағат 16:00-ге дейін үйге дейін жеткізу расталса, сәлемдеме сол күні қолға тапсырылады. Алдағы уақытта GoPost Home қызметі WhatsApp каналы және 1499 байланыс орталығы арқылы қолжетімді болады.
Оқи отырыңыз: Банк карталарымен жасалатын алаяқтықтың қалай алдын алуға болады?