Тікелей эфир

Қазақстандық Forbes тізіміндегі миллиардерлер саны жетеуге жетті

Миллиардерлер тізіміне жаңадан Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе және Тимур Турлов қосылған.

Forbes.kz басылымы Қазақстанның ең дәулетті 50 бизнесменінің тізімін жариялады. Өткен жылы "отандық" миллиардерлер тізімінде төрт адам ғана болса, биыл бұл тізімді Kaspi тобының иелері Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе және Freedom Finance негізін қалаушы және негізгі акционері Тимур Турлов толықтырды. Олардың  жиынтық байлығы өткен жылғы көрсеткіштен (12,7 млрд АҚШ доллары) екі есе жоғары – 24,1 млрд АҚШ доллары.

Ең дәулетті ондыққа келесі азаматтар енген:

  1. Владимир Ким. Дәулеті – 4,7 млрд АҚШ доллары;
  2. Вячеслав Ким. Дәулеті – 4,2 млрд АҚШ доллары;
  3. Михаил Ломтадзе. Дәулеті – 3,9 млрд АҚШ доллары;
  4. Болат Өтемұратов. Дәулеті – 3,5 млрд АҚШ доллары;
  5. Тимур Құлыбаев. Дәулеті – 2,9 млрд АҚШ доллары;
  6. Динара Құлыбаева. Дәулеті – 2,9 млрд АҚШ доллары;
  7. Тимур Турлов. Дәулеті – 2 млрд АҚШ доллары;
  8. Ибрагимовтер әулеті. Дәулеті – 980 млн АҚШ доллары;
  9. Кеңес Рақышев. Дәулеті – 950 млн АҚШ доллары;
  10. Сәрсеновтер әулеті. Дәулеті – 810 млн АҚШ доллары.

Оқи отырыңыз: Джефф Безос пен Илон Маск әлемнің ең бай адамдарының көшін бастады. Рейтингке қазақстандық алты азамат енді


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары