"Полицияның негізгі міндеттерінің бірі – құқық бұзушылықты болдырмау, оның алдын алу. Бұл жерде учаскелік полиция инспекторларының маңызы зор. Мемлекет басшысы учаскелік инспекторлардың мәртебесін арттыру туралы тапсырма берді. Олардың жұмысын тиімді ету үшін құзыретін кеңейтіп, заңға өзгертулер енгізілуде", – деді халыққа есеп беру кездесуінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта ауылдарда учаскелік инспекторлар жетіспейді. Кей жерде 3-4 ауылға бір қызметкер жауапты.
Осыған байланысты, ішкі резерв есебінен учаскелік инспектор көмекшісі лауазымын енгізу жоспарланып отыр. Жергілікті атқарушы органдармен бірге учаскелік пункттер салу жоспарда бар.
Оқи отырыңыз: Ішкі істер министрі: Биыл электронды тергеу жүйесіне толықтай көшеміз
"Өз аумағына жақын болуы үшін ауылдық жерлерде учаскелік пунктер қызметкерлер тұратын үймен бірге салынады. Ал қалаларда тұрғын үй кешендерінде орналасады", – деді Ерлан Тұрғымбаев.