Тікелей эфир

Jas sarbaz-Jastar jylynda жобасы аясында астанада 50-ден астам шара өтеді

Нұр-Сұлтан әкімдігінің қолдауымен ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Jas sarbaz-Jastar jylynda кең ауқымды жобасының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты жиынға қатысқан елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен әскери-патриоттық тәрбиенің маңызын атап өтті.



– Елбасымыз Жастар жылының ашылуында республика аумағында әскери мектептер ашу арқылы жетістіктерге жетуге болатынын айтқан болатын. Жастар жылы сіздер үшін мол мүмкіндік болмақ. Біз өз тарапымыздан қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз, – деді Бахтияр Мәкен.



Бұған қоса, әкім орынбасары мектеп пен колледж оқушыларына "Жас сарбаз" клубына қабылданғаны туралы сертификаттар табыс етті.

– Елбасы Н.Назарбаев 2018 жылғы Жолдауында балалар мен оқушыларға патриоттық тәрбие беру, оның ішінде "Жас сарбаз" ұйымдарының өңірлік ұйымдарын ашып, сол арқылы патриоттық тәрбие беруді жетілдіруді тапсырған болатын. Сәйкесінше биыл елордада "Жас сарбаз" әскери патриоттық ұйымының қалалық филиалы ашылды. Бүгінгі таңда барлық білім беру мекемелерінде әскери-патриоттық сыныптар, клубтар жұмыс істейді. Республика көлемінде алсақ елорданың көрсеткіштері өте жоғары, – деді Қоғамдық даму істері бөлімінің басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Бақытжан Жүнісбеков.



Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жыл соңына дейінгі және 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі. Онда жалпы саны 50-ден астам патриоттық шара өткізу көзделген. Атап айтқанда, әскери-спорт түрлерінен ойындар, жеңіл атлетикадан марафон, әскери патриоттық әндер байқауы мен ардагерлермен кездесу бар.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары