Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ипотека рәсімдеген азаматтарға салықтық жеңілдіктер бұрыннан қарастырылған. Енді, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, екінші деңгейлі өзге банктерде тұрғын үй несиесін рәсімдеген жандарға да осы жеңілдік берілетін болды.
Оқи отырыңыз: Тұрғын үй бағдарламалары көбейді. Биыл баспаналы болудың 11 мүмкіндігі
Салық кодексінің 349-бабында жеке тұлға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен несие алған жағдайда сыйақыны өтеуге бағытталған сомаларға салық шегерімдері қолданылатыны жөнінде тармақ бар:
Оқи отырыңыз: Көп балалы отбасыларға үй беріле бастады. Жалдамалы үйлер мен 2% несиені алу үшін қойылатын талаптар
Бұл жеңілдікті алу үшін не істеу керек?
Ипотека рәсімдеген азамат төмендегі құжаттарды жұмыс берушісіне тапсыруы тиіс:
- Тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен жасаған несие шартының көшірмесі;
- Қарызды өтеу кестесінің көшірмесі;
- Өтеуді растайтын құжат (чек, төлем түбіртегі немесе ТҮҚЖБ-нен алынған үзінді көшірме.
Бұл мәселе Салық кодексінде бұрыннан бар болғанымен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ипотека рәсімдеген кей жандар бұл ақпараттан бейхабар. Ол азаматтар бұған дейін өтіп кеткен 5 жылға да жеңілдік ала алады. Ол үшін өтініште несиені өтеген, алайда, жеңілдіктер қолданылмаған кезеңді көрсету қажет. Өтініште тек соңғы 5 жыл ішіндегі уақыт аралығы көрсетілуі шарт. Жұмыс беруші қайтадан есеп жүргізіп, айырманы қайтаруға міндетті.
Оқи отырыңыз: Салық кодексі биыл тағы өзгерді. Салықтан кім босатылады?