Тікелей эфир

Halyk Bank пен Сбербанк "Баспана Хит"  бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға өтінімдерді қабылдауды тоқтатты

Фото depositphotos.com сайтынан алынды
Фото depositphotos.com сайтынан алынды
Банктер 1 маусымнан бастап өтінім қабылдауды тоқтатындарын мәлімдеді.

Halyk Bank пен Сбербанк "Бапана Хит" жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына өтінімдер қабылдаудың тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлады.

"Өтінімдерді қабылдау тоқтатылды", – делінген Halyk Bank сайтында.

Сбербанк "Баспана Хит"  бағдарламасына өтінімдер қабылдау 1 маусымнан бастап тоқтатылғанын атап өтті.

"Әрбір банктің бөлінген қаражатқа байланысты несиелеу шегі бар. Егер олар бекітілген өтінімдерге сәйкес өз лимитін аяқтаса, олар енді жаңа өтінімдерді қабылдамайды. Кейбір банктер өз лимитін жұмсап қойса , басқа банктер әлі жұмыс істейді", - деді Қазақстан "Baspana Hit" бағдарламасының операторы "Тұрақтылық қоры" АҚ, деп хабарлайды ҚазТАГ.


Оқи отырыңыз:


Барлық екінші деңгейлі банктер үшін "Баспана Хит"  бағдарламасының жалпы шегі 600 миллиард теңгені құрайды. Ол 2021 жылдың соңына дейін бітеді деп күтіледі.

19 мамырда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова Baspana Hit және 7-20-25 бағдарламаларын қаржыландыру 2021-2022 жылдары аяқталатынын айтты. Оның айтуынша,  бұл шешім, мемлекеттің нарықтық принциптерге жол бере отырып, несиелеу бағдарламаларынан біртіндеп бас тартуымен түсіндіріледі.

Құрылыс компаниялар қауымдастығы бағдарламалардың жабылуы ипотека өнімдерінің қымбаттауына әкелетінін атап өтті.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары